Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бекмаганбетова Гульбану Карабаевна: тұрғын үй

Құрметті Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы

Мен, Бекмаганбетова Гульбану Карабаевна 2005 жылдың желтоқсан айынан бастап пәтер кезегінде 12 жыл тұрмын. Жалғыз басты ана санатында. Екі баланың анасымын. Өзім бюджет саласында қызмет етемін. Қазіргі уақытта жер үйдің времянкасында тұрып жатырмыз. Тұрып жатқан баспанамда жағдай жоқ су тасымалы, пешті өзім жағамын.
Бірнеше рет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығынада кірдім. Кезегіңіз жақын қалды күте тұрыныз деп шығарып салады.
Сізге өтініш беру себебім пәтер бөлу кезінде мені жалғыз басты ана санатында тұрғанымды ескергеніңізді сұраймын.

Құрметті Гульбану Карабаевна! Сіздің пәтер мәселесі бойынша Екібасұз қаласы әкімінің ресми сайтына жазған арызыңызға хабарлаймын.

2005 жылғы 12 желтоқсандағы Екібастұз қаласы әкімдігінің №357/11 қаулысымен Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде «толық емес отбасы» санаты бойынша № 132 болып кезекте тұрсыз.

Қазіргі уақытта Сіздің үй алу үшін кезегіңіз № 132.

Кезек динамикасы: 2005 жылы – 861, 2006 жылы – 728, 2007 жылы – 721, 2008 жылы – 603, 2009 жылы – 518, 2010 жылы – 449, 2011 жылы – 333, 2012 жылы – 169, 2013 жылы – 162, 2014 жылы - 150, 2015 жылы - 147, 2016 жылы - 132.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес мемлекеттік үй қорынан азаматтарға үй беру мына жағдайда іске асады.Тұрғын үйге мұқтаж есебінде,арнайы бекітілген тізім бойынша кезекте тұру және барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.

Осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға ешкімнің де басым құқығы болмайды.

Осыған орай заңнамаға сәйкес, Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй Сізге кезегіңіз келгенде беріледі.