kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Шакек Акжол Шакекұлы: Екібастұз əкімінен көмек сұраймын!

Құрметті əкім мырза! Мен Шиқылдақ ауылының тұрғыны Шакек Ақжол. Əкімшілік тарапынан біздің ауылға көмек көрсетуіңізді сұраймын. Ауылдың шеткі үйлерін қар басуда. Мал қорадан шығуы қиын. Үйге су құйғызу үшін жолды қолмен қаздық. Ауыл акімінен көмек сұрадық сағаты 6000теңгеге погрузщик акеліп берейін тазалатыңыздар деді. Оған біздің жағдайымыз келмейді. Ауа-райы күрт жылынса үймен қора су астында қалады. Сонын алдын алуға Екібастұз əкімшілігінен қандай көмек көрсете аласыздар,тез арада жауабын берсеңіздер жақсы болар еді.

Құрметті Акжол Шакекұлы! Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына түскен жеке ауланы қардан тазалау үшін техникамен көмек көрсету жөніндегі өтінішіңізге хабарлаймын.

Сізге «Унисерв» ЖШС-нің басшылығымен демеушілік көмек көрсетілді. Жеке аулаңыз қардан тазаланды.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза