kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Темирбаев Нурболат Сапаргалиевич: Баспана маселеси

Ассалаумагалейкум Мен жас отбасы санатына жатамын баспана маселеси кыйын жумыс болганымен уй жок уйди жалдап турамын Мысалы сол жалдамалы уйге берген акшаны арендное желье га толесем ай сайын!оданда баска жолдары болса бир комегин берсениздер (мен халыккакызмет орталыгына бардым мени кабылдамады укимет жумысында жоксыз деп жил строй га бар дейди оган алдын ала салатын каражатым жок! 

Құрметті Нурболат Сапаргалиевич! Сіздің пәтер мәселесі бойынша Екібастұз қаласы әкімінің атына жазған арызыңызға, келесіні хабарлаймын.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiне немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру туралы шешім қабылдаған жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ кезек және есепке қою қағидалары» негізгі тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсетеді.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес мемлекеттік үй қорынан азаматтарға үй беру мына жағдайда іске асады.Тұрғын үйге мұқтаж есебінде,арнайы бекітілген тізім бойынша кезекте тұру және барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi. Сондай-ақ заңнамаға сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан үй бір елді мекенде үнемі тұрған мұқтаж азаматтарға беріледі.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

2) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;

4) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;

Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер

3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде

аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 7) оралмандар;

8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

9) көп балалы отбасылар;

10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар жатады.

Егер Сіз немес Сіздің отбасы мүшелерінің біреуі жоғарыда аталған санаттың біреуіне жатса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін есепке қою туралы өтініш бере аласыздар.

Заңнамаға сәйкес Екібастұз қаласы (ХҚКО) мемлекеттік корпорациясы есепке қою құжаттарын қабылдайды.

«Жас отбасы» бағдарламасының іске асуы «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖБ» ММ құзыреттілігіне кірмейтінін қосымша хабарлаймын. Осы бағдарламаны іске асырушы өкілетті орган «Жилстройсбербанк Қазақстан» АҚ болып табылады.

Сіз толық ақпарат алу үшін Строительная көшесі 82 ғимарат, тел. 76 04 03, 76 04 13, банктің ішкі сайты www.hcsdk.kz. «Жилстройсбербанк Қазақстан» АҚ хабарласуыңызға болады.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза