Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Көпшілік адамдар жиналатын нысандардағы өрт қауіпсіздігі

Көпшілік адамдар жиналатын нысандар категориясы айтарлықтай мол номенклатураға ие. Оларға функционалдық өрт  қаіупі бойынша әртүрлі топтағы ғимараттар мен құрылыстар жатады: кинотеатрлар, концерттік залдар, клубтар, спорттық құрылыстар, сауда ұйымдарының ғимараттары, қонақүйлер, ауруханалар, қарттар үйі және басқалар.

Көпшілік адамдар жиналатын нысандарда қандай өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажет? Мұндай нысандар категориясы үшін өрт қауіпсіздігінің нормативті  құжаттары бойынша адамдардың қаупсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған  неғұрлым  жоғары талаптар қарастырылады, және де осы нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету  міндеттерін  атқаратын лауазымды тұлғалардың жауапкершілік деңгейі де жоғары.  Көпшілік адамдар жиналатын әр нысанның өрттің алдын алу, адамдар қауіпсіздігі және өрт кезінде мүліктерді қорғау басты мақсаты болып табылатын, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі болуы қажет. Қажетті өрт сөндіру құралдарымен, өртке қарсы қызметті шақыру үшін байланыс құралдарымен және автоматты өрт дабылдамасы жүйесімен, өрт сөндірудің және адамдарды құлақтандырудың автоматты құрылғыларымен  қамтамасыз етілуі қажет.

Эвакуациялау жолдарына басты назар аудару қажет, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін безендіргіш-әрлеу, қаптама материалдарын және еден жаппаларын қолдануға  болмайды, сауда жабдықтары эвакуациялау есіктеріне қатар 2 метрден кем болмайтын еркін  өтетін аралық есебінде орналасуы қажет, эвакуация жолдарында және баспалдақ алаңында сағат жөндеу орындары, дүңгіршектер, ойын және сауда аппараттары орналуы қажет.  Өртке қарсы су құбырлары тораптары, яғни өрт гидранттары  мен өрт шүмектері үнемі жарамды күйде болуы қажет, жылына екі рет (көктемде, күзде) субергіштігі мен жұмыс жасауы тексеріліп тұруы керек. Электр жүйелерін, электр қондырғыларын және электр бұйымдарын монтаждау, жөндеу, пайдалану, және де олардың техникалық жағдайын қадағалау электр қондырғылары құрылғыларының  және тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық эксплуатациялау талаптарына  сай іске асырылады. Бүгінгі күні өрт дабылдамасының, құлақтандыру жүйелерінің және эвакуация жолдарының жай-күйі мен қосымша шығу есіктердің   бар болуы өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге байланысты басты мәселе болып табылады, себебі осы факторлардан адам өмірі мен денсаулығы тікелей байланысты.  

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты мақсаты – жеке меншік иелері мен басшылардың жауапкершілігін арттыру болып табылады. Шағын және орта бизнес өкілдері мемлекеттің бізге қолдау көрсететінін, тексерістер  санын азайтуға бағытталған шаралар қолданатанын түсінуі қажет. Алайда, өкінішке орай, көптеген бизнес өкілдері  осыған сай жауап қайтара алмайды және өрт қауіпсіздігіне тиісті көңіл бөлмейді.

Кез келген нысандағы өрт қауіпсіздігі үшін, заңға сәйкес тек қана басшылар жауап беретінін тағы да еске саламыз.  Бұдан басқа, басшылар мен жеке меншік  иелері өрт шыққан жағдайда тиімді әрекет жасай алатын қызметкерлерді дайындауға,  көбірек көңіл бөлуі керек.  Біз өрт санының жиі  болатыны жайлы көп айта аламыз.  Егер адамдар өздерінің жеке қауіпсіздігіне деген көз- қарасын өзгертпесе,   бұл жағдай өзгермейді, әзірге адами фактор басты себеп болып табылады. Бастысы, өрт қауіпсіздігі саласындағы біздің ортақ қызметіміздің жетістігі бұрынғыша адамдар мен басшыларға байланысты. Және де, халықтың қауіпсіздік тәртібінің, оның ішінде өрт қаіупсіздігі саласындағы мәдениетін арттыру жұмысы маңызды болып табылады.

 

 

Екібастұз қаласының

МӨБ бөлімінің инженері

азаматтық қорғаныс

аға лейтенанты

А.К.Алимов