Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Менің досым - рояль» байқауы

М.И.Глинка атындағы балалар музыка мектебінде жыл сайын домбыра, қобыз, вокал, баян және фортепиано сыныптары бойынша оқушылардың арасында байқаулар өткізіледі. Осындай байқауларда жас музыканттар өздерінің музыкалық, әртістік және аспапта ойнау шеберліктерін көрсетеді.

         Дәстүрге айналған «Менің досым - рояль» байқауында халық, шекті аспаптар бөлімінің, сонымен қатар вокалдық-хор бөлімінің оқушыларына музыкалық қабілеттерін көрсетуге зор мүмкіндік туатын байқаулардың бірі болып саналады. Жалпы фортепиано бойынша музыкалық сайыс «пианист емес» оқушылар және олардың ата-аналары үшін нағыз мереке болды.

        Музыка мектебінің кіші залы көрермендерге лық толы болды. Ата-аналар мен мектептің педагогтары оқушылардың орындауында қазіргі композиторлардың пьесалары мен классикалық музыканы тыңдады. Байқау соңында барлық оқушыларға грамота табысталды.

        3 орын -  Ахметдиева  Динара, 2 сынып оқушысы, Бексултанова Алтынай, 4 сынып оқушысы, Бунченко Александр, 4 сынып оқушысы, Багдат Таншолпан, 4 сынып оқушысы.

        2-орын - Олжабаева  Айсана, 2 сынып оқушысы, Храпов Евгений, 2 сынып оқушысы, Есжан  Жанель,  5 сынып оқушысы.

        1 орын -  Аверин  Илья 2 сынып оқушысы, Габиден  Мариям, 3 сынып оқушысы, Мукатай  Нуриза,  4 сынып оқушыс,   Мэлс  Айым, 5 сынып оқушысы.

         Біздің жас музыканттарға тек шығармашылық табыс тілейміз!