Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



60-шы жылдардағы «Оттепель» ақындарымен әдеби-музыкалық вояж өткізілді

       Орталық қалалық кітапханада Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 60-шы жылдардағы «Оттепель» ақындарымен әдеби-музыкалық вояж болып өтті.
        Кітапхана қызметкерлері 60-шы жылдардағы поэзины еске түсірді. Алғашқы жылдары поэзияның жаңа сапада дамыған кезеңі болды. Ақындар алпыстығына кіретін төртеу: Белла Ахмадулина, Евгений евтушенко, Роберт Рождественский, Андрей Вознесенский. Осы жылдары қазақ поэзиясының шығармашылығы шарықтай түсті. Олар: Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Ғафу Қаирбеков және т.б.
         Мерекелік бағдарлама сайысында қатысушылар 20 ғасырдың 60-шы жылдарындағы киім үлгілерін киім, концерттік нөмірлерін ортаға салды. Өту барысында кеңес және қазақ ақындарының Р.Казакованың «Соседка», «О.Сүлейменовтың «Айналайын», Р.Рождественскийдың «Все начинается с любви», «В.Высоцкийдың «Я не люблю» С.Зиннурованың «Чего я хочу», М.Мақатаевтың «Ғашықпын» және т.б. өлеңдері оқылды.
        «Жестокий романс» кинофильмінен алынған Б.Ахмадулинаның сөзіне жазылған «А напоследок я скажу...» романсы, С.Асанованың өлеңіне жазылған «Теріскей», И.Шаферанның өлеңіне жазылған «Ромашки спрятались», Т.Молдағалиев, Н.Әлімқұлов, М.Шаханов ақындарының өлеңдері мен Ш.Қалдаяқовтың музыкасынан құрастырылған попурилер кешке қатысушыларды серпітіп тастады.
         «Тақиялы періште», «Кавказская пленница» (Л.Дербеневтің өлеңіне жазылған «Одиссей қайда барасың?» және «Если бы я был султан» атты әндері), кинофильмдерінен алынған үзінділер жиналған қауымға жақсы көңіл-күй сыйлады.