Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қаржылық сауаттылық жобасы мәресіне жетті!

         2-наурызда, Екібастұз қаласының № 10 мектеп базасында білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік кабинетімен «Қаржылық сауаттылық бойынша Бағдарламаны қалай құру керек» тақырыбында семинар өткізілді.   Пилоттық жоба Астана қаласының  «Серпін»  Медия Орталығымен және қаланың білім бөлімімен жүзеге асырылуда.

2016-2017 оқу жылына арналған кешенді жоспар әзірленді, үздік бағдарламаға   конкурс жарияланды, оқу жылының соңына дейін ең үздік суретке,  эссеге, жеке қаржылық жоспарға байқау өткізу жоспарланып отыр, сондай-ақ қаржылық сауаттылық Аптасы өткізілмек.

         4-наурызда мектеп  директорлары мен мұғалімдері үшін «Серпін»  Медия Орталығымен екінші  республикалық  семинар өткізіледі.   Инновация мектепке дейінгі балалар  мекемелерінен барлық орта мектептердің  тарапынан қолдау тапты.