Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның Ережесі
  1. Жалпы ережелер

 

  1. Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – комиссия) Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік –кеңесші орган болып табылады.
  2. Комиссияның мақсаты құқық бұзушылықтын алдын алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде атқарушы, құқық қорғау органдары  мен басқа да қаланың мүдделі мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру болып табылады.
  3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

  1. Комиссияның негізгі міндеттері

 

  1. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) құқық бұзушылықтың, қоғамға қарсы іс-әрекеттердің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіру;

2) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың  Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын нығайту;

3)  атқарушы, құқық қорғау органдары мен қаланың басқа да мүдделі мемлекеттік органдарына қаладағы құқытық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындау;

4) қаладаның мемлекеттік органдары басшыларының құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру  жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5) құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу жүйесін қалыптастыру, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, осы әрекетке барлық мемлекеттік органдарды, қоғамдық құрылымдарды және халықты тарту, құқық  бұзушылықтын алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде мемлекеттік органдардың рөлін және жауапкершілігін арттыру;

6) құқық бұзушылықтын алдын алу бағытында шара қабылдамағаны үшін лауазымды тұлғаларды тәртіптік жазаға және басқа да жауапкершілікке тарту туралы мемлекеттік органдарға және ұйымдарға ұсыныстар енгізу;

7) құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты  насихаттау мен  іске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық бірлестіктердің рөлін арттыру.

 

  1. Комиссияның құқықтары

 

  1. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) өзінің отырыстарында атқарушы, құқық қорғау органдарымен және  қаланың басқа да мүдделі  мемлекеттік органдарымен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жағдайын қарайды;

2) атқарушы, құқық қорғау органдары мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар Басшыларының құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі есептерін тыңдайды;

3) құқық бұзушылық алдын алу субъектілеріннің іс-әрекетін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен кеңестер әзірлейді;

4) атқарушы, құқық қорғау органдары мен қаланың басқа да мүдделі мемлекеттік органдарының басшыларын құқық бұзушылықтын алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жай-күйі мен кемшіліктері туралы ақпарат етеді.

 

  1. Комиссия қызметін ұйымдастыру

 

  1. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған жағдайда оның қызметін орынбасары атқарады.

Комиссия мүшелері отырстарда ауысу құқынсыз қатысады. Сонымен қатар комиссия отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.

  1. Комиссия отырысы жоспарға сәйкес және қажетіне қарай, кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі.

Комиссия отырысы – комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі  қатысқанда заңды болып есептеледі.

  1. Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) және Екібастұз қаласы әкімінің аппараты комиссияның жұмыс органдары болып табылады.
  2. Жұмыс жоспары мен комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындау және өткеннен кейін хаттаманы ресімдеуді комиссия хатшысы жүзеге асырады.

Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.

  1. Комиссия отырысының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін, әрбір комиссия мүшесіне отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
  2. Комиссия шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және оларға  комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданады.
  3. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің пікірін жазбаша түрде баяндауға құқығы бар және ол хаттамаға тігіледі.
  4. Отырысты өткізу нәтижесі  бойынша хаттама құрылып, ол болмаған жағдайда орынбасарымен қол қойылады.

 

  1. Комиссия қызметінің тоқтауы

 

  1. Комиссия қызметінің тоқтатылуы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады