Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Конкурсты өткізу туралы хабарлама

Конкурс ұйымдастырушысы:«Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» ММ

Орналасқан жері: Павлодар қаласы;пошталық мекенжайы: Ленин көшесі, 61; электрондық поштаның мекенжайы: kense.dpp@pavlodar.gov.kz;

байланыс телефоны: (718-2) 32-30-42, 65-30-69
         Конкурстың мәні:«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарды (жеке бизнесту құруға арналған) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға беру.

Конкурстың формасы:ашық конкурс.
         Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді берудің орны: Павлодар қаласы,  Ленин көшесі, 61, каб. 101 а

Конкурстық құжаттаманы ұсынудың тәртібі: конкусқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша құжаттарды бектілген нысан бойынша немесе конкурстық құжаттаманың толық пакетін жеке, пошта арқылы немесе өзіннің уәкілді өкілі арқылы ұсынады. 
         Құжаттаманы ұсынудың мерзімі:2017 жылғы «7» наурыздан2017жылғы «24» наурызға дейін, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдер беруді бастаудың күні және уақыты: 2017 ж.«7» наурыздан 10.00сағаттан бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдер беруді аяқтаудың күні және уақыты: 2017 ж.«24» наурызға 17.30 сағатқа дейін (жергілікті уақыт).

Мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарлама және конкурстық құжаттама туралы  www.dkb2020.kzwww.upt.pavlodar.gov.kz;www.damu.kzсайтынан білуге болады.

Қажетті құжаттардың тізімі:

1) Бағдарлама әкімшісімен сайтта орналастырылатын нысан бойынша Гранттарды беру жөніндегі конкурсқа қатысу өтінімі;

2) заңды тұлғаны (жеке кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) өтініш беру күніне дейінгі 30 күнтізбелік күн алдында берілген, бюджетке міндетті төлемдер бойынша борышкерліктің жоқ екендігі анықтама;

4) Басшының қолы және өтініш берушінің мөрі (бар болған жағдайда) қойылған, өтінім берген сәтте жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама;

5) бизнес-жоба;

6) Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 курстарында кәсіпкердің қысқамерзімді оқуын растайтын құжаттың көшірмесі;

7) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттардың бар болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің баға құнын растайтын құжаттар;

8) Кәсіпкердің атынан өтінімді беру құқығын растайтын сенімхат, сенімді өкілдің  төлқұжаты көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға қол қойған құжат).