Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасында «Азаматтық қорғаныс» күнніне арналған айлық өз жұмысын бастады

 «Азаматтық Қорғаныс» күнін мерекелеуге байланысты Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасында салтанатты жиналыс өткізілді, оған ҚР ІІМ ТЖК барлық бөлімшелердің басшылары қатысты. Оларды Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы бастығының міндетін атқарушы Р.Б.Нурмакин «Азаматтық Қорғаныс» күнімен барлығын құттықтады .

Аталмыш күннің екінші жартысында Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасында мектеп жасына дейінгі жасөспірімдермен ақпан айында жиналған суреттер бойынша сурет салу сайысын қорытындылау өтті. Сурет сайысына баға беру үшін көркем бейнелеу мектебінің маманы Юлия Петровна Качура келді. Сурет сайысын қорытындылап үш жүлделі орын тағайындалды. Бірінші орынды  № 1 бала-бақшаның тәрбиешісі Лидия Запорожная алды, екінші орынға № 16 бала-бақшаның тәрбиешісі Хамит Ханшаим алса үшінші орынға Софья Саитгареева ие болды. Сондай-ақ он бір бала мадақтау қағазымен мараппаталды. Сайысқа қатысқан балалардың барлығына сыйлықтар табысталды

 

Екібастұз қаласының

ТЖ басқармасы