Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Хоккейшілердің жеңісі

Шайбалы хоккейден 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер құрама командасы, «ПСО» клубы мен № 4 БЖСМ тәрбиеленушілері үйге алтынмен оралды. Енді оны біздің тұрғындарымызға рет-ретімен айтайық. 2017 жылдың 24-26 ақпан айында Павлодар қаласында БЖСМ командалары арасында шайбалы хоккейден кезекті облыс Біріншілігі өтті. Жарыстарға Павлодар аймағынан 6 команда қатысты, олар екі топқа бөлініп, алдын ала ойындарын өткізді. Бірінші кездесуде біздің команда Павлодар командасының 2004 ж.т. жасөспірімдерін 3:2 есеппен жеңді. Қарсыластың қақпасына екі шайба жіберген Анатолий Воронцов және 1 шайбаны Виктор Музафаров соқты. Екінші ойын ойдағыдай өтті 30:0 есеппен Баянауыл командасын жеңдік.

Финалдық ойынды біздің балалар біріншіліктің негізгі көшбасшысы, Павлодар командасының 2003 ж.т. жасөспірімдермен айқын және үйлесімді өткізді. Біздің қақпамызға қақпашы Илья Костюков бірде-бір шайба жіберген жоқ, есесіне қарсыластардың қақпасына 4 шайба жіберілді. Жіберілген екі шайба Виктор Музафаровтың есебінде, олардың ішіндегі біреуі Алайдар Ақтаевтың берумен жіберілді, бір шайба соққан Никита Войцицкий және Евгений Коптев. Команданы дайындаған Райхан Матишович Куканов пен Сергей Леонидович Шерстобитов.

Облыс біріншілігі чемпиондарының командалық құрамы:

Владимир Никитин, Алайдар Актаев, Даниил Каленик, Тимур Абенов, Иван Александров, Борис Шерешов, Анатолий Воронцов, Тамерлан Садыков, Олег Болбатунов, Владислав Зюзин, Евгений Коптев – № 10 ОМ оқушылары, Иван Дубинин и Илья Костюков – № 17 ОМ, Никита Ситников –  № 7 ОМ, Виктор Музафаров - № 9 ОМ, Абулхаир Мухаметжанов - № 22 ОМ, Эльдар Кубланов- № 21 ОМ, Никита Таскаев – № 23 ОМ, Дмитрий Алекперов - № 33 ОМ, Никита Войцицкий – № 35 ОМ.