kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

№ 2-ө ӨКІМ

2013 жылғы 21 қаңтар

 

 

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны

белгілеу туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының  33-бабына, Қазақстан Республикасының 2077 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 16-тармағына сәйкес: 

  1. Келесі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:

1)  Екібастұз қаласының ведомствоға қарасты білім мекемелерін (кәсіпорындарын) күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын сатып алу бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

2)  Екібастұз қаласының ведомствоға қарасты мәдениет мекемелерін (кәсіпорындарын) күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын сатып алу бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

3)  балалар спорт алаңшаларын орнату бойынша жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу кезінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4)   сумен жабдықтау нысандарын және автомобиль жолдарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын сатып алу кезінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі конкурс тәсілімен жұмыстарды (қызметтерді) мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып белгіленсін.

  1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы өкімді іске асыруға қатысты шараларды қабылдасын.

  1. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарлары Н.В.Дычкоға, А.А.Құрманова, А.К.Марданова жүктелсін.

 

 

 

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                                                          А. Вербняк

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза