Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы ҰОС ардагері Талғат Ахметовты 92 жылдық мерейтойымен құттықтады

2017 жылдың 24 ақпанында, Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов Ұлы Отан соғысының ардагері Талғат Ахметовты 92 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Талғат Бапайұлы 1925 жылдың 24 ақпанында Баянауыл ауданында дүниеге келген, Майқайың кентінде қазақ орта мектебінің 8 сыныбын аяқтаған болатын. 1943 жылдың қаңтарында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Шығыс шекарадағы 76-мотоатқыш полкінің 17-армиясының 36-дивизиясы құрамында қызмет етіп, 1945 жылдың тамызынан 1948 жылдың маусымына дейін Маньчжурияда жалғастырған болатын.
1954 жылы Екібастұз қаласына көшіп келіп, диспетчер, аға диспетчер, Павлодар Автотрест №3 автобазасын пайдалану бөлімі бастығының міндетін атқарушы, 1956 жылға дейін өндіріс меңгерушісінің міндетін атқарушы, «ИртышУглестрой» Тресті СУ-1 техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. Тың игеру кезінде ауылшаруашылық жұмыстарына қатысып, 1985 жылы зейнеткерлікке шықты.
Ұлы Отан соғысына көрсеткен ерлігі үшін Талғат Ахметов «Отан соғысы» ордені», «Жапонияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К. Жуков атындағы» медальдарымен марапатталған.
Құрметті ардагер қала басшысы Қайрат Нүкеновке көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін өз ризашылығын білдірді.