Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді!

Сүңгілерден Абай болыңыздар!

Қыс қаһарынан айырылмаса да, қазірдің өзінде үйлердің шатырларындағы ағын, қатып қалған мұздың алғашқы тамшылары бар. Біраздан соң шатырлардың, балкондардың, кіреберістердің қалқандарына жауған қар аязбен мұз болып қатып сүңгіге айналады, сүңгілер күн сәулесінің жылуынан еріп, құлай бастайды. Бұл - адам өміріне өте қауіпті, әсіресе балалар үшін.

Адамдар абайсызда жарақаттанып қалмас үшін мекемелердің, дүкендердің, кафелердің басшылары және көпқабатты үйлердің тұрғындары үй төбелерін, қалқандарды қардан тазалауды ұмытпаңыздар.

Сүңгілерден абай болыңыздар!

Өздеріңізді және балаларыңызды кенеттен болуы ықтимал апаттардан сақтаңыздар. Сүңгілері бар ғимараттардың жанынан жақын жүрмеңіздер.

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 87182(536057) сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге қоңырау шалып, кез келген адам басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

М.Хамитова,

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы

төтенше жағдайларды ескерту тобының

бас маманы