Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



1 наурыз – Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні

 1931 жылы француз хирургі, генерал Жорж Сант-Пол Парижде - барлық елдердің жергілікті қауіпсіздік аймағын екіжақты және көпжақты келісімдер көмегімен құру үшін «Женевалық аймақтық Ассоциалық» - қауіпсіздік аймағын  негіздеді,   одан кейін  Халықаралық Азаматтық қорғанысы ұйымы құрылды.

1972 жылы Генералдық Ассамблеяда Халықаралық Азаматтық қорғанысы ұйымының халықаралық шартты білдіретін жарғысы бекітілген.

Бұл жарғы 1972 жылғы 1 наурызда күшіне еніп, Азаматтық қорғаныс бойынша халықаралық ұйымына халықаралық үкіметаралық ұйымы мәртебесін берді. Содан бері жыл сайын бұл күн Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні болып саналады.

1997 жылы халықаралық құқықты беделді ұйымға Қазақстанда мүше болып енді. Бұл біздің еліміз үшін халықаралық құрылымдармен жаңа ақпараттық байланыстар орнатып, еліміздің геосаясаттық жағдайына және экономикалық дамуына лайықты басқа Орта Азиа елдерінің арасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесінде орын алуға мүмкіндік жасады. Енді, қазіргі уақытта Қазақстанның мамандарды дайындауға, төтенше жағдайлар кезінде мәлімет алмасу халықаралық жүйелерін пайдалануға, халықаралық гуманитарлық және құтқару операцияларына қатысуға, Азаматтық қорғаныс бойынша халықаралық ұйымының қамқорлығымен республика аймағында қаржы салуға донор-елдерді тартуға қосымша мүмкіндігі пайда болды.

Халықты қорғау басты мақсаты болған бірінші ұйым 1932 жылдың 4 қазанында әуе шабуылына қарсы құралымымен бір уақытта жергілікті  әуе шабуылына қарсы қорғанысы құрылды.

1961 жылдың шілде айында жергілікті  әуе шабуылына қарсы қорғаныс, Азаматтық Қорғаныс болып өзгерді. Барлық құрылымдарда Азаматтық Қорғанысының штабы құрылды. Қазіргі күнде Азаматтық қорғаныстың штабы тек нысандарда ғана сақталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы №1298 қаулысымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесі (ТЖМЖ) құрылды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесі бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, ал пайда болған кезде – олардың салдарын жою үшін, халықтың қауіпсіздігін, қоршаған табиғи ортаның сақталуын және шаруашылық нысаналарына келтірілетін залалды азайтуды қамтамасыз ету үшін арналған.

 Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні  жыл сайын маңызды мәселер көтеретін тақырыпта, халықтың қоршаған ортаның өмірін құтқаруына қатысты сұрақтар бойынша  өтеді.

2017 жылы Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні «Азаматтық қорғаныспен бірге апаттарға қарсымыз» тақырыбында өтеді.

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 87182(536057) сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге қоңырау шалып, кез келген адам басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

 

 

 

М.Хамитова,

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы

төтенше жағдайларды ескерту тобының

бас маманы