kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Аубакирова Асемгуль Шайкен: SOS №1 поликлиника Экибастуза

Менің жолдасым Аубакиров К.Б 1972 жылы туылган 2017 жылдың ақпан айының басында жүрегіне шағымдана бастады, қан қысымы200-ге дейін көтереліп, ауа жетпей тұншыға берді. Сөйтіп, 2017 жылдың 13-і күні біз жолдасымыз екеуміз мекенжаймыз бойынша Екібастұз қ., №1 емханаға бардық. Терапев дәрігер қарап рентген кабинетке жіберді. содан кейін жүрекке УЗИ жаса деп оны да жасаттық. УЗИ-дің қорытындысында "ИБС признаки" деп жазылған. 15.02 күні №1 емхана бізді жолдама қағазбен осы диагнозбен қалалық ауруханаға дереу жіберді. жүрегі ұлғайған деп тағы айтты. Бірақ ауруханаға жолдасымды алмады. Парталға жазылыңдар деп үйге қайтарып жіберді. Кеше, 20.02 күні тағы ауруханаға бардық тағы жатқызбады. парталға №1 емхана тек бүгін ғана қойды. Мынау сұмдық қой әркімнің артынан жүріп нұсқап отыру керек. Дәрігерлер өз жұмысын білмей ме? бізді қалалық ауруханаға жібергенде алдын-ала парталға қою керектігінен олар бейхабар ма? неге біз екі оттын арасында жүріп жапа шегуіміз керек? Жолдасым үйдің асыраушысы, екі балам бар. мен бала күтімімен үйде отырмын. Жолдасым қатты сырқатанып қалатын болса мен нығыламын? күнде ауырғанын көріп қатты жүрегім ауырады. Қалалық аурухана шұғыл түрде алуға міндетті ғой! көмек қолын беріңіздер. Екібастұздағы медицина адамды өлтіріп бірақ тынады. Павлодарға жіберіп жолдасымды толық тексеріп нақты диагноз қойып, ем алсын деп сіздерден сұраймын! Жодасым Аубакиров Қанат көп жылдардан бері кардиологта есепте тұр бірақ жазған дәрілерін бірде біреуін 50 пайыз жеңілдікпен жазбады. ЖОқ дейді. Гипертоник - ол сырқаты бойынша да есепте тұр. Қан қысымына байланысты Стасивич деген дәрігер дәрі жазып, бірақ дәл осы дәрі-дәрмектердің ешқайсысы тегін берілмейтінін айтып қоя берді. тегін берілетін дәрілер бар емес па?! есепте тұрған жолдасыма берілмесе ол кімдерге тиесілі.??? Қазіргі уақытта дәрінің көмегі шамалы жолдасыма. Бүгін ақпан айының 27-сі жолдасымды әлі күнге дейін ауруханаға алмады. Ал ауруы асқынып келеді. 

Құрметті Аубакирова Асемгуль Шайкен! Қала әкімінің ресми сайтына Сіздің жазған өтінішіңізге жауап ретінде келесіні мәлімдеймін.

Екібастұз қаласының № 1 емханасы бас дәрігерінің м.а. ақпараты бойынша 1972 жылғы 22 ақпанда туған Канат Бейсембаевич Аубакиров тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алу үшін № 1 емханаға бекітілген.

Алғашқы рет К.Б.Аубакировте жоғары артериалды қысым 2009 жылы дәрігермен байқалды. 2009 жылдан бастап К.Б.Аубакиров емханаға көмекке сирек жүгінді. Медициналық қызметкерлердің ұсыныстары мен тағайындамаларын орындаған жоқ. Диспансерлік тексеруге келген жоқ. Амбулаториялық картасында медбикелердің диспансерлік тексеруге шақыртуларының жазбасы бар. К.Б.Аубакировтың айтуы бойынша ол өзін жақсы сезініп, емді қажет етпеген соң, қабылдауға келмегенін айтады. 2016 жылғы 27 маусымда хирург дәрігерге оң жақ аяғының ауырғанына шағымданып жүгінген. Аяқ венасына УЗДГ жасау тағайындалды және Павлодар қаласының ОДО-на ангиохирург дәрігерге консультацияға баруына жолдама берілді. К.Б.Аубакиров бүгінгі күнге дейін хирург дәрігердің ұсынысын орындаған жоқ. Қабылдауға келмеген.

2017 жылғы 13 ақпанда учаскелік дәрігер Е.В.Стасевичке тамақтанғаннан кейін құсуына шағымданып медициналық көмекке жүгінді. «Қабыну сатысындағы созылмалы гастрит» диагнозы қойылды. Ем және тексеру тағайындалды. 2017 жылғы 14 ақпанда К.Б.Аубакиров қайтадан тексерілді. ФГДС қорытындысы- катаральды гастрит. Дуодено-гастральды рефлюкс. К.Б.Аубакировтың айтуы бойынша эпигастриядағы ауырсыну улсепан қабылдағаннан кейін азайған, алайда жүрген кезде демікпе пайда болған.

Көкірек қуысы органдарына рентгенография жасауға ұсыныс жасалды. Рентгенологиялық зерттеу нәтижесін интерпретациялау бойынша рентгенолог дәрігер Э.К.Мухамеджановтың қатысуымен консилиум жүргізілді. «Перикардит» диагнозы қойылды. 2017 жылғы 15 ақпанда К.Б.Аубакиров шұғыл түрде Екібастұз қалалық ауруханасына «Перикардит» диагнозымен стационарда емделуге жолданды.

К.Б.Аубакировке Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесінде ауруханаға шұғыл жатқызудан бас тартылды және ауруханаға жоспарлы түрде жатқызуға ұсыныс жасалды. Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесінің дәрігерімен ем тағайындалды: бисопролол 5мг х 1 таб таңертең, тромбоасс 100мг, тригрим 10мг, верошпирон 100мг. Учаскелік дәрігердің ұсынысымен тағайындалған кардиолог дәрігердің консультациясынан К.Б.Аубакиров бас тартты.

Сіз учаскелік дәрігерге тағайындалған дәрілерді тегін беру бойынша жүгіндіңіз. Дәрігер Е.В.Стасевич Сізге «Артериалды гипертензия» категориясы бойынша стационар дәрігерімен тағайындалған дәрілерге нақты түсініктеме беріп, ол дәрілердің амбулаториялық деңгейде тегін берілетін дәрілер тізіміне енбейтіндігі жөнінде айтты.

2017 жылғы 1 наурызда К.Б.Аубакиров жоспарлы түрде «Емделуге жатқызу бюросы» порталы арқылы Екібастұз қалалық ауруханасының кардиология бөлімшесіне жатқызылды.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза