Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



...Әсем ән төгілді..

         Балалар музыка мектебінде камералық музыка концерті дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Оны ұйымдастырушылар – вокалдық-хор бөлімінің оқытушылары Наталья Эйрих пен Ольга Михайлова.
         Концертке дайындық оқу жылының басынан басталды, себебі барлық қатысушылар тыңдаушыларының көңілінен шығуға тырысты.
Концертте түрлі ғасырдағы, вена, француз классиктері мен біздің заманымызға дейінгі композиторлардың музыкалары орындалды. Концертке әр түрлі жастағы балалар қатысты, ең жас қатысушы 7 жастағы – Анастасия Червинская болды.
          Татьяна Суханова жетекшілік ететін скрипкашылар ансамблінің орындауындағы шығарманы көрермендер ыстық ықыласпен және «браво!» қошеметімен қарсы алды.
           Көрермендер Илья Покровскийдің орындауындағы К.Дебюссидің шығармасын жылы қабылдады. Моцарттың «Дон Джуан» операсынан Жамила Ешимова орындаған Церлинаның ариясына да ду қошемет көрсетілді.
“Соловей” романсын орындаған Милимко Алина Алябьева өзінің жоғары ашық дауысымен тыңдаушыларын таң қалдырды!
           Илья Аверин А.Варламовтың «Парус» романсын тамаша орындады.
Милена Абдуалиева, Райхан Заитова орыс композиторлары, А.Даргомыжский мен Ц.Кюидің шығармаларымен таныстырды.
           Влад Бойков көрермендерді Свиридовтың “Ах, Маританна” романсымен сусындатты.
           Педагогтар дуэті А.Попова мен Е.Хомченко И.Дунаевскийдің «Не забывай» әнін көрермендерге сыйлады.
           Евгения Храпова өзінің сүйемелдеуімен И.Шварцтың «Дождик осенний» романсын жүрекке жеткізе орындап шықты.
Концертті кларнет сыныбының оқытушысы Ю.Фетисов жалғастырды, ол қазіргі заманғыв италиялық композитор М.Манжанидің шығармасын Ю.Покровскаяның сүйемелдеуімен орындады
          «Жестокий романс» кинофильміндегі танымал «Бабочка» романсын вокал сыныбының жас педагогы Зәмзагүл Бегалина таза дауыспен керемет орындады.
          Концерт вокал бөлімі хорының орындауындағы француз тіліндегі шығармамен қорытындыланды. Хор жетекшісі жас оқытушы Анна Попова, концертмейстер Елена Магур.
          М. Глинка атындағы Балалар музыка мектебіндегі мұндай концерттер оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, балалардың жалпы мәдени деңгейін арттыруға, оларды эстетитикалық тұрғыда тәрбиелеуге ықпал етеді.
          Көрермен болып отырған, музыка мектебінің оқушылары мен оқытушылары, сондай-ақ ата-аналар мен Балалар үйінен келген қонақтар осындай тамаша шығармашылық кездесуден үлкен әсер алып, тарасты.