Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Конфессия аралық қарым - қатынастарды талдау және дамыту орталығы

2017 жылдың 23 ақпанында Достық үйінде қалалық мешіт имамы Бауыржан Отарбаев, Серафимо - Иверск соборының көмекшісі Сергей Осетров, «Конфессия аралық қарым - қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ директоры Н.С.Төребаевтың қатысуымен діни экстремизмнің алдын алу бойынша «Жалған діни ұйымның құрығына қалай түспеуге болады» атты дөңгелек 8 үстел өтті.
Сонымен бірге бұл шараға Екібастұз қаласы колледждерінің студенттері шақырылды. Шара сұрақ-жауап ретінде жүргізілді. Кездесу соңында жастарға «Жастар және дін» атты бейне ролик көрсетілді.