kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы

2017 жыл 16 ақпан №181/2

Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы есеп беру кездесулерінде

тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі

шаралар туралы қаулы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 190 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар (бұдан әрі – Іс - шаралар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
3. Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы:
1) Іс - шаралардың орындалу барысы туралы Екібастұз қаласының тұрғындарын тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырып отырсын;
2) Іс - шаралардың орындалу барысын тоқсан сайын қала әкімдігінің мәжілістерінде қарауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарларына жүктелсін.


Екібастұз қаласының
әкімі                                                                                     К. Нукенов

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза