kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұз қаласында өткен республикалық семинар

№ 36  мектеп– лицей базасында «Білім болашаққа бастар жол» тақырыбында  республикалық  семинар өтті.  Семинар Астана қаласының «Серпіліс» Медиа Орталығымен бірлесіп өткізілді. Делегацияны  Орталық редакторы Ізгілік  Байдрахманұлы Нагиев бастап келді.

 Семинар  Бағдарламасының аясында  оқытудың жаңа  технологиясын қолдана отырып, таңдаулы 15 сабақ көрсетіліп, коучингтер,  тренингтер өткізілді.  Дөңгелек стол өткізілді. Ізгілік  Байдрахманұлы Нагиев  өз сөзінде мектептің материалдық  базасының мықты екендігін,  компьютерлік  техникамен жабдықталғанын және  мұғалімдердің  жоғары әдістемелік дайындығын   атап өтті.  

Елбасының Жолдауын орындауда білім бөлімі «Серпіліс» Медиа Орталығына  оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру бойынша  жобаны бірлесіп жүзеге асыруға ұсыныс жасады.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза