Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шәкен оқулары – 2017

2017 жылдың 15 ақпан күні Баянауыл ауданы М.Шорманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында ІҮ аймақтық Шәкен оқулары өтті. Аталмыш оқуға Екібастұз қаласының  №22 МГ және №2 ЖОББМ-нен 2 топ қатысты.

Нәтижесінде «Кино өнерінің саңлағы» номинациясынан №22 МГ 10-сынып оқушылары: Какимов Бауыржан, Нургалиев Бауыржан «Бас жүлде» алса, №2 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Бисенов Марлен 2-орын алды.

«Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге...» номинациясынан №2 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Болат Даниял 2-орын, №22 МГ 10-сынып оқушысы Келгенбай Ғасырсұлтан 3-орынға ие болды.

«Қылқалам шеберлері» номинациясынан №2 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Сәрсен Сәнді 2-орын, №22 МГ 8-сынып оқушысы Амренова Аделя 3-орын алды.

«Көңілім әнді ұғады» номинациясынан №2 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Келдешева Анар «Бас жүлде» алса,  №22 МГ 9-сынып оқушысы Жақсыбек Нұрайым 3-орын алды.