Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Су басу және тасқын су кезіндегі іс-қимыл

Су басу – дегеніміз табиғы құбылыс, су қоймаларына жақын жатқан аумақтарда  судың шектен тыс пайда болуы .

Тасқын су - дегеніміз жаңбырдың мөлшерден тыс жаууынан, қардың жылдам еруінен, қума жел салдарынан өзен, көл немесе теңіз суларының деңгейі көтеріліп су тасиды, нәтижесінде адам өміріне, денсаулығына қауіп төнеді, сондай-ақ материалдық шығынға әкеп соғатын  жағдай.

Қар ери бастаған кезде өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу салдарынан елді мекендердің су астында қалуы, адам мен малдың өліміне әкеп соғатын жәйіттер болады. Су басудың негізгі себептері нөсер жаңбыр, қардың, сүңгілердің үздіксіз еруі және қума жел болып табылады.

      Болуы мүмкін су басу және тасқын су  кезіндегі іс-қимылдарды білу, сіздің өміріңізде материалдық шығындар қаупін едеуір төмендетіп, төтенше жағдайдың пайда болу қаупінің алдын алады.

Су басу және тасқын су  шығу себептері:

-         Мұздардың қарлардың еруі;

-         Жауын шашының, қардың көп мөлшерде жаууы;

-         көлдерде мұздың кептелуі;

-         үлкен өзендердегі судың желмен итерілуі ;

-         табиғи және жасанды су бөгеттерінің бұзылуы;

- тасқын су түрлері:

Ұзақ мерзімді –1 айдан 2-айға дейін

Қысқа мерзімді – бірнеше сағат

Есіңізде болсын

Арнайы қызметтерді шұғыл түрде шақыру үшін келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз:

1

Құтқару қызметі

112

2

Өрт қызметі

101

3

Полиция

102

4

Жедел көмек

103

Шұғыл қызметке келесідегідей хабарласа аласыз:

- қалалық және мобильдік телефондардан,

- сіздің мобильдік телефоныңызда қаражат болмасада,

-  SIM-картаңызға шек қойылсада,

-  телефоныңызда SIM-картаңыз болмасада,

Шұғыл қызметке телефон шалу тегін.

Су басу және тасқын су аумақтарында тұратын адамдардың іс –қимылдары мен міндеттері

Тасқын су болмай тұрып:

 - төл құжаттарыңызды белгілі бір жерде сақтаңыз;

-         қауіпті жерлерде уақытша құрылыс жүргізбеңіз;

-         алдын ала құтқару құралдаының, дәрі-дәрмек, киімдердің және азық-түлік қорларын бақылап қойыңыз;

-         гидрометеомәлімдемесіне құлақ асыңыз, дабылдар мен хабарламаларға мұқият болыңыз;

-         су тасқыны кезінде  газ и электр көздерін сөндіріңіз, бағалы бұйымдарыңызды қауіпсіз жерге қойыңыз;

-         автокөлікпен немесес жаяу жоғарылау жерге қоныс аударыңыз;

-         басқару органдарының көшіру және  жасырыну орындары туралы берілген нақты нұсқауларын елеусіз қалдырмаңыз.

Тасқын су кезінде

Басқару органдарының нұсқауы келгенше жасырыну орнында қалыңыз.

Су тасқынымен өз бетімен өтпеңіз.15 см тереңдіктегі тасқын су жылдамдығы адам үшін қауіпті, ал 50 см тереңдіктегі су тасқынынан жәй автокөліктер өте алмайды.

Егерде Сізге көмек қажет болса, үндемей қалмай апат дабылдарын беріңіз.

Тасқын судан кейін

Өз тұрғын үйіңізді мұқият тексеріңіз:

-         іргетастың бүтіндігіне көз жеткізіңіз;

-         қабырғалардың, терезелердің, едендердің жәйін қарап шығыңыз;

-         газ және  электр коммуникациясын қараңыз;

-         жылан болуы мүмкін;

-         сынған электр, газ коммуникациясын мамандар қосуы керек;

-         жоғарыда жазылған ақаулар үйіңізде болса, ол жерде қалу қауіпті;

-         ауыз ішер суды қайнату қажет, азық-түліктердің жарамдығын тексеру керек;

-         үлкен материалдық шығынға ұшыраған болсаңыз жергілікті атқару органына хабарлаңыз.                                   

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 87182(536057) сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге қоңырау шалып, кез келген адам басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

                                                                                   

 

М.Хамитова,

Екібастұз қаласы

ТЖ басқармасы

төтенше жағдайларды

ескерту тобының

                                                                                                        бас маманы