Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



аноним аноним аноним: садик

Салеметсиз бе?Сізге қояр сұрағым мынадай:Неліктен 20 шағын аудандағы бала бақша балаларды қабылдамайды, Өздеріңіз 16 желтоқсанда лентасын қиып ашып едіңіз?Кімді алдадыңыз? 

Сіздің № 26 балабақшасына балаларды қабылдау мәселесі жөнінде Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына жолданған өтінішіңізге хабарлаймын.

Құрылыс бөлімі мүлікті теңгерімнен теңгерімге табыстау туралы құжаттарды 2017 жылғы 16 қаңтарда табыстады.

Мүлікті теңгерімге қабылдаған соң балабақша әкімшілігі барлық коммуналдық қызметтерге тіркеу және шарттарды жасау бойынша жұмыстар жүргізілді, ол ағымдағы жылы 27 қаңтарда аяқталды.

Сондай-ақ Екібастұз қаласы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау жөнінде басқармаға медициналық қызметке лицензия алу үшін қажетті бактериологиялық, зертханалық және санитарлық тексерулер жүргізу үшін өтінім берілді.

Медициналық лицензия ағымдағы жылдың 13 ақпанында алынды. Сол күні Павлодар облысы бойынша білім беру саласын бақылау жөніндегі департаментке білім беру қызметін бастау туралы хабарлама жіберілді. Балабақша 15 ақпаннан бастап балаларды қабылдай бастады. Бүгінгі күні балабақшадағы балалар саны 118 құрайды. Балаларды қабылдау жүргізілуде.