Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Аталмыш орталық «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының төртінші, «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» бағыты бойынша келесідей қызмет түрлері көрсетіледі:
Қызмет № 1: «Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер»;
Қызмет № 2: «Кедендік процедуралар бойынша есеп»;
Қызмет № 3: «Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу»;
Қызмет № 4: «Заңгерлік қызмет көрсету»;
Қызмет № 5: «Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер»;
Қызмет № 6: «Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар»;
Қызмет № 7: «Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты сатып алулар бойынша қызмет»;
Қызмет № 8: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы консультациялар ».
Тегін қызмет ала аласыз.
Сервистік қызметке қатысты өтініштерді келесі мекенжай бойынша бере аласыздар: Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Павлодар қ-сы, Ломов көшесі, 21, 2 қабат байланыс телефоны: +7 (7182) 660311 (ішкі ном. 1520).
Сервистік қызметке қатысты өтінішті беруге және алуға мекенжай орындарына сәйкес облыстың моноқаларарында және аудандарында кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлдерді қолдау орталықтарында сағат 9- дан 18.30-ға дейін келесі мекенжай бойынша болады.

Екібастұз қ., Строительная көш. 45, тел. 87187347661.