Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Егерде сіздің балаңыздың отқа деген құлшынысы болса

Көптеген балаларда, әсіресе, ұл балаларда отпен ойнауға, сіріңке, жанғыш заттарға деген қызығушылығы пайда болады.

 Медицина қызметкерлерінің айтуынша бұл қызығушылық қалыпты жағдай. Бастысы балаға ашық от өте қауіпті екенін, от жарақаттайтынын, ауыртатынын, тіпті адам өліміне әкеп соқтыру мүмкін екенін түсіндіру қажет. Сонымен қатар бұл қызығушылықтың балаға зияны тимеу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн.

 Балалар өртке әкеліп соқтыратын әртүрлі жағдайлар  болуы мүмкін. Төменде сол себептердің бірнеше түрі көрсетілген:

Танымдық қабілеті басым балалардың  отқа деген қызығушылығы болуы мүмкін.

 Кейбір жағдайда балалар басқалардың ықпалынан өрт шығарады.

Кейбір балалардың   қауіпті ойындарға , сонымен қатар отпен ойнауға қызығушылығы басым болғандықтан өрт шығаруы мүмкін.

Балалар кішкентай жалынның үлкен өртке, қайғылы жағдайға, балалар өліміне  әкеліп соғатынын түсінбейді.

 Балалардың  отпен ойнауға, сіріңке, жанғыш заттарға деген қызығушылығын   дамытпау үшін не істеуге  болады.

Сіріңке, жанғыш заттарды балалардың қолы жетпейтін, оларға көрінбейтін  жерде сақтаған жөн. Баланың көзіне түссе, олар жоғарыдан алуы да мүмкін.

Үлкендердің міндеті балаларға қажетті білімді меңгерту болып табылады. Балаға от- ойыншық емес,   от- қажетті жағдайда қолданатын құрал екенін түсіндіру керек.

Баладан  сіріңке, жанғыш заттарды  әперіп жіберуін өтінбеңіз.

Бала  ересектерден үлгі алады. Ол сіздердің әрекетіңізді қайталануы мүмкін.

Баланы кішкентай кезінен сіріңке, жанғыш затты тауып алған кезде сізге беруіне үйретіңіз. Және баланың осы  жауапкершілігін  қолдап, мақтап отырыңыз.

Баланың киімінің күйгенін көрсеңіз, қалтасынан сіріңке, жанғыш затты байқасаңыз, назардан тыс қалдырмаңыз.

Балаларды назардан тыс қалдырмаңыз. Оларды үнемі бақылауда ұстаңыз.

Өрт дабылын құрыңыз, жыл сайын  отбасы мүшелерімен бірге оның істен шықпауын қадағалаңыз, батареясын ауыстырып отырыңыз.

Үйдің  өрт жағдайындағы эвакуация жоспарын құруға балаларды қатыстырып отырыңыз, осы жоспар бойынша әрекет етуге жаттықтырып отырыңыз. 

Баланың өртке деген құлшынысына байланысты қауіпсіздік іс- шаралары.

Ересек балаларды сіріңкені қолдануға үйрету, өрт қауіпсіздігімен таныстыру.

 Үлкендермен бірге болған жағдайда ғана отты жағуға болатынын түсіндіріңіз.

Кішкентай балалар өздерінің жатын бөлмесінде отпен ойнауы мүмкін екенін ескеріңіз.

Ұйқтап жатқан уақытта сіз  түтін иісін сезбеуіңіз мүмкін, өйткені түтін иісінің әсерінен сіздің ұйқыңыз қатты болады.

  Өрт болған жағдайда «101» нөміріне хабарласыңыз

 

Өртті бақылау комитетінің бас инженері              

Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар мекемесі

Рогожина  Е.С