Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz
Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының өрт қауіпсіздігін қадағалау мемлекеттік бөлімі жылу беру маусымында пеш арқылы жылытуды қолдануға байланысты өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі шараларын естеріңізге салады:
• Жылу ауысымы алдында жылу беру құралдарын тексеру, қажет жағдайда оларды жөндеу, сылау,мұржаларды күлден тазарту;
• Әр пешке арналған жеке мұржа қарастыру;
• Түтін мұржаларын саз балшық кірпіштен тігінен кемерсіз, қабырғаларының қалыңдығы 120 мм төмен қаламау керек;
• Ағашпен жанатын пештің түтін жолдарына екі тығыз ысырма оранластырылуы керек;
• Көмір және шымтезек арқылы жанатын пештерде диаметрі 15мм тесігі бар бір ұшқын қаққышымен бірге орнатуды жоспарлау керек ;
• Пеш мұржалары табанынан ернеуіне дейін 5м-ден кем болмау керек;
• Пешті тек қана үлкендер жағып, балалар мен ересектердің мас күйінде пеш жағуына жол бермеу керек;
• от жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сонымен қатар кішкентай балаларға қарауды тапсыруға
• Пештер мен басқа от жағу құралдарының нормамен бекітілген жанғыш құрылымдардан бөліп тұратын өртке қарсы аралықтары, сонымен қатар күймеген, зақымдалмаған көлемі 0,5м. х 0,7м металл оттық алды қаңылтыры (ағаш немесе жанғыш материалдардан жасалған еденде) болу керек.
• От жағатын есігі мен қарама-қарсы қабырғаға дейінгі ара-қашықтық 1250 мм аз болмауы керек.
• от жағуға жанармай, жермай, дизель отыны мен басқа тез жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды қолдануға, ол өте қауіпті;
• пешті тым қатты қыздыруға болмайды;
• От жағу уақыты 3 сағаттан аспау керек;\
• Тез жанғыш заттарды, жиһазды пешке тым жақын орналастыруға болмайды;
• Тез жанатын ағаш, киім т. б. пештің жанында кептіруге болмайды;
• Оттық алды қаңылтыры ағаш басқа да тез жанғыш заттарды қалдыркға болмайды;
Өрт болған жағдайда:
• «101» нөмеріне қоңырау шалу;
• Өрт сөндірушілер келгенге дейін адамдар мен заттарын шығару;
• Қолда бар құралдармен өртті сөндіру шараларын іске асыру.
Есіңізге сақтаңыз, өртті сөндіргеннен гөрі өрттің болдырмау жеңіл
Мемлекеттік өрт қауіпсіздігі бақылау бөлімі
Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы