kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Ержан: жылу

Мен Ломоносов көшесі 24 "А" үйде тұрамын. 4-қабатта. Жаңбыр жауса, төбеден су шелектеп ағады. Әрі біздің үйіміз суық. Қыста тұру мүмкін болмағандықтан екі баламмен, келіншегіммен туыстарымның үйін паналауға мәжбүр болдым. "Модернизация ЖКХ" бағдарламасы бойынша біздің үйімізді жөндеуден өткізсе деген тілегіміз бар.

Құрметті Ержан!

Екібастұз қаласы әкімдігінің сайтына түскен үйдің 2013 жылғы ТҮКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу мәселесі бойынша түскен өтінішіңізге келесіні хабарлаймын:

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» Заңының 35 бабының 1-3 тармағына сәйкес жай меншік иелері жалпы мүлікті және үйді күтуге кететін шығындарға қатысуға міндетті, және бөлек (жеке) меншігінде гі жайлар мен жалпы мүлікті пайдаланудағы қауіпсіздігі мен мүлтіксіз сақталуына жауапкершілігі  артады. Жалпы мүлікті күтуге кететін шығындардың көлемі егер меншік иелерінң басқа келісімді қарамаса, онда жалпы мүліктегі жай меншік иесінің үлесіне сәйкес белгіленеді.

Жалпы мүлікке – жайлардан басқа, өз (жеке) меншік иесіндегі кондоминиум нысандарының бөліктері ( кірешектер, баспалдақтар, лифтер, шатыр , шатырдың асты, жертөлелер, пәтерден тыс немесе жалпы үйдің инженерлік жүйе мен құрылғылары, абоненттік почталық жәшіктер, жер телімдері, оған қоса абаттандыру және де басқа да жалпы қолданыстағы мүліктер) кіреді. Жалпы мүлікке, соның ішінде шатыр да бар – жай иелерінен жиналған мақсаттық жинақ есебінен жөндеу жұмысын жүргізілуі тиіс.

2012 жылдан бастап Екібастұз қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың Бағдарламасы жүзеге асырыла бастады, ол өз ішінде республикалық бюджеттен бөлінген несиелік амалдардың есебінен, 7 жыл мерзім ішінде қайтару арқылы, кондоминиум жалпы мүлік нысандарына ағымдық немесе күрделі жөндеу жұмысын  жүргізуді  қарастырады. Бағдарлама өз ішінде мемлекеттік қаражаттандрумен бірге пәтер меншік иелеріне тұрғын үй көмегін де  қарастырады. Кондоминиум жалпы мүлік нысанына күрделі жөндеу жұмысын жүргізуде тұрғын үй көмегін беру төлемақысының көлемі мен тәртібі 2012 жылдың 26 маусымдағы қалалық мәслихаттың 5 шақырылымның кезекті 7 сесиясының №48/7 шешімімен бекітілген тұрғын үй көмегін беру  ережелерімен анықталады. Сіздің үйіңізге жөндеу жұмысын жүргізу туралы сұрағыңыздың шешімін  аталмыш бағдарламаға қатысу арқылы табуға болады.

Бағдарламаға қатысу үшін Сіздің үйіңіздің тұрғындарынан құралған белсенді топ сұрау парағын толтыру және қол жинауды ұйымдастыру қажет.сұрау парағының нәтижесі бойынша және жай иелерінің келісімдерінің  екіден үш дауысы болатын болса, онда сіздің үй 2013 жылғы жөндеу жоспарына енгізілетін болады.

Толық кеңесті, толтыру парақтары мен қажетті құжаттар тізбесін Дүйсембаев көшесі, 34 мекенжайы бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ келіп алуға болады, байланыс телефоны: 755608.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімді қайта қарауға құқыңыз бар.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

ММ бастығы                                                          Л.Векшина

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза