Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Өрт кезіндегі тұрғындардыңәрекет етуі

Тұрғын үй, пәтер, гараж аумақтарында өртті болдырмаудың алдын – алу жолдары:
• Жанып тұрған пешті, примустарды,керосинді,токқа қыстырулы үтікті, пешті, газ плитасын қараусыз қалдырмау,кішкентай балаларды тапсырмау;
• Бір розеткаға бірнеше электр құрылғыларын бірден қыстыруға, электр сымдарын шегеге ілуге, үстінен түсқағаз кілейлеуге, жасанды сақтандырғышты электр шитінде қолдануға, электр лампаларын қағаз, матамен жабуға;
• Істен шыққан газ плитасымен, электр құрылғысымен,жалаңаш резеткалармен;
• Шатырда, жертөледе, гаражда,қорада темекі шегуге, от жағуға;
• Ағаш қоршау, қоралардан жақын жерде от тұтатуға ,аулада қоқысты өртеуге;
• Тез тұтанатын заттарды, киімдерді, жәшіктерді, жиһаздарды шатырда, жертөледе, балконда ұстауға;
• Өрт баспалдағы мен қосымша шығу жолдарын бекітпеу;
• Баспалдақ торларында, қоймада, қосымша шығу жолдарын қатты жабуға;
• Пәтерде мопедтер, мотоцикльдер, авторезина,лак, краскаларды ашық ыдыста сақтауға;
• Жертөледе, шаруашылық сарайларында, пәтерлердегі электр желілерін өздігінен жөндеу.
Өрттен сақ болыңыздар!
Сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылдарын лақтырмаңдар!
Балаларды қараусыз қалдырмаңдар!
Үйден шығарда электр құрылғыларын сөндіріңдер!
Сіздің пәтеріңізде өрт болған жағдайда:
- Жылдам өртке қарсы қызметінің «101» нөміріне телефон шалу қажет.
Өрт сөндірушілерді шақыра отырып, оларға нақты түрде аудан немесе елді мекеннің атауын, көше атауын, үй нөмірін, қабатын, өрт қай жерден шыққанын айту керек. Не жанып жатқанын айқындап айту қажет. Сондай-ақ кім соғып ұрғанын, телефон нөмірін міндетті хабарлау қажет.
- Егер сіз бірінші минуттарда отты сөндіре алмасаңыз, дереу бөлмеден шығу керек, және басқа адамдарға да шығуға көмектесу қажет. Тезарада жанып жатқан бөлмеден (ғимараттан) балаларды, қарттар мен ауру адамдарды шығаруға тырысыңыз.
Сіздің пәтеріңіздентыс жерде:
- Жылдам өртке қарсы қызметінің «101» нөміріне телефон шалу қажет.
-Есік, терезені жауып сыртқа шығыңыз
- Егер шығатындай мүмкіндік болмаса, пәтеріңізде қалып, терезені ашыңыз,
Желдеткішті жабыңыз! Беторамалды сулап, тұншығудан сақтану шараларын жасаңыз! Егер сіздің телефоныңыз жоқ болса және сіздің үйден немесе пәтерден шығу мүмкіндігіңіз болмаса, «Өрт!»- деп қатты дауыспен сырттағы адамдарды көмекке шақырыңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Өрт қауіпсіздігін сақтау арқылы өзіңізді және өзгелерді қауіптен қорғай аласыз!
Алғашқы әрекетіңіз –өрт сөндірушілер телефоны №101-ге ;
Зардап шегушілер болса – құтқарушылар телефоны -№112-ге қоңырау шалыңыз!


Мемлекеттік өрт қауіпсіздігі бақылау бөлімі
Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы