Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН СЫНАМАЛЫ ЖОБАЛАР

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорциясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен 2017 жылғы 16 қаңтардан бастап сынамалы жобалар іске қосылды:
2 айлық мерзіммен Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінде Павлодар облысы ішінде бұрынғы аумақтық дағды бойынша республикалық бюджеттен және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-дан бала туғанда берілетін жәрдемақы және бір жасқа толғанға дейін бала күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындау үшін өтініштер қабылдау сынамалы жобасы енгізілді.
Мысалы, Н.П. Иванова Екібастұз қаласында тіркелді, ал баласы Павлодар қ. перзентханасында туды делік. Н.П. Иванова жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті Павлодар облысы бойынша кез келген ХҚКО бөлімшелерінде бере алады. Жәрдемақыларды тағайындау және төлеу нақты тіркелу орны бойынша Мемлекеттік корпорация бөлімшелерімен, яғни Екібастұз қаласында жүзеге асырылады.
1. 6 айлық мерзіммен «Қайтыс болуды тіркеу» және «Жерлеуге байланысты біржолғы төлемді тағайындау» композиттік қызметінің сынамалы жобасы енгізілді. Қайтыс болған адамның қайтыс болуын тіркеуге жүгінген тұлға бір уақытта қайтыс болуды тіркеуге, сондай-ақ егер қайтыс болған адам осы елді-мекенде зейнетақы немесе жәрдемақы төлемдерін алушы болып табылса (қызмет өткерген жылдар бойынша зейнетақы алушылардан басқа) жерлеуге байланысты біржолғы төлемақы тағайындауға өтініш бере алады.
Қайтыс болуды тіркеу және жерлеуге байланысты біржолғы төлемді тағайындау үшін келесі құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысанға сәйкес медициналық ұйыммен берілген қайтыс болу туралы құжат;
3) тіркеуші органның қайтыс болу орны мен қайтыс болған адамның тұрғылықты жері жөніндегі анықтамасы, тіркеуі жоқтығы туралы, қайтыс болу туралы актілік жазба (Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылдан кейін қайтыс болған адамдардан басқа);
4) заңды күшке енген қайтыс болу дерегін анықтау туралы немесе тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, сот шешімінің негізінде тіркеу жағдайында;
5) қайтыс болған адаммен туыстық қатынасты растайтын құжат (түпнұсқа), сәйкестендіру үшін;
6) қайтыс болған адамның әскери билеті (бар болған жағдайда);
7) қайтыс болған адамның жеке куәлігі (түпнұсқа);
8) шетелге шығу төлқұжаты (бар болған жағдайда);
9) екінші деңгейлі банкілерде, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын банк операцияларының сәйкес түрлеріне қарай реттеу және қадағалау бойынша уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған банкілік шоттың нөмірі туралы құжат.
Бұрынғы аумақтық қағида бойынша құжаттарды қабылдауға қатысты, сондай-ақ «Қайтыс болуды тіркеу» және «Жерлеуге байланысты біржолғы төлемді тағайындау» композиттік қызметі бойынша барлық сұрақтар жөнінде Екібастұз қ., Пшембаев көш. 6, М. Жүсіп көш. 92/2 мекенжайы бойынша орналасқан Екібастұз қ. ХҚКО бөліміне жолығу қажет.