Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Зейнеткерлік қатарына қабылданды

2017 жылғы 10 ақпанда 32-ӨСБ командир бөлімі азаматтық қорғау прапорщигі Жасұлан Елеусізұлы Жүнісовтің зейнеткерлікке шығуына байланысты салтанатты жиналыс өткізілді. Осы жылдар ішінде өрт сөндіру қызметінде Жасұлан Елеусізұлы Жүнісов өртке қарсы күресте өзін жақсы қырынан көрсетіп, жас қызметкерлерге тәлімгер бола білді. Оның тәжірибесіне қарап әріптестері үлгі алды. Керемет отбасы,  арқа сүйер жақсы азамат. Әріптестерінің арасында үлкен құрметке ие. Оны зейнеткерлікке шығарып салуға 32-ӨСБ жеке құрамы үлкен дайындықпен атап өтті, концерттік бағдарламаға Атамұра мәдени орталығынан домбырашы-вокалист  өнерпаздары шақырылды.

Салтанатты жиналыста ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.К. Жарқынбеков, 14-МӨСБ бастығы Думан Нығметұлы Қыдырмоллаев, 32-ӨСБ бастығы Серік Сатыбалдыұлы Раскельдинов ақ тілектер айтып сыйлықтар табыстады.

Жасұлан Елеусізұлы Жүнісов Екібастұз қаласының зейнеткерлер қатарына салтанатты түрде қабылданнып. Әріптестер өздерінің жылы сөздерін зейнеткер Жасұлан Елеусізұлы Жүнісовке жолдады. Оның алдағы өміріне мықты денсаулық және отбасылық береке тілеп, 32-ӨСБ есігі әрдайым ашық екенін айтты.

 

Ж.Майманов.,

32-ӨСБ бастығының орынбасары,

                                                              азаматтық қорғау аға лейтенанты