Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті Екібастұз өңірінің кәсіпкерлері! Назарбаев Университетінде тегін бизнес-тренигтен өтуге өтінімдер қабылдау басталды!

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Астана қаласында, «Назарбаев Университеті» базасында отандық және шетелдік бизнес-тренерлердің басшылығымен өтетін бірегей, әрі тегін бизнес-тренингтерге қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Бизнес-тренинг «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» жобасы аясында, шет елдік және отандық бизнес-тренерлердің қатысуымен ұйымдастырылады.

Оқытудың мақсаты:

Табысты бизнесті жүргізуге жаңа модельдерді енгізу;

Компанияның бәсекеге қабілеттілігін, өміршеңдігін және тұрақты өсуін арттыру;

Шетелдік оқытуо рталықтарын қатыстыра отырып, стратегиялық және тактикалық бизнес есептерді шешу.

Жобаға экономиканың басым секторларында әрекет етіп жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады.

Оқу бойынша қатысушылардың шығыны республикалық бюджет есебінен төленеді. Компонент қатысушылары өз бетінше оқытуға барып-қайту жол ақысын және тұрғын үй шығынын өтейді.

Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту 3 кезеңнен тұрады:

- Үш күндік күндізгі оқыту;

- Онлайн-семинарлар (қазақстандық мамандардың қатысуымен);

- Бизнес – жоспарды әзірлеу мен бағалау.

Оқу аяқталған соң қатысушыға Назарбаев Университетінің Дьюк Университетімен біріккен оқу курсын табысты бітіргендігі жөнінде сертификат беріледі.

Орындардың саны шектеулі. Қатысуға асығыңыздар!

Өтініш «Даму» Қорының жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО-на) қабылданады. Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қаласы, Короленко көшесі 109, 1 қабат. тел: 8 /7182/208-359, 703-810.