kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Ауғандықтармен кездесу

2017 жылдың 10 ақпан күні №3 қалалық кітапхана «Өнер» мәдниет орталығымен бірлесіп, «Жастығын жалын шарпығандар» атты тақырыпта ауғандықтармен кездесу кешін өткізді.
Кездесуге Қ.А.Ауғалиев, С.Қ.Рыспаев, Қ.Б.Хасенов, Т.Р.Искаков, К.Щ.Баймағанбетов, А.К.Сытько, Б.Е.Құлтанов, Е.Т.Қашаев, Р.С.Айтмағамбетов, М.Б.Абуов шақырылды.
Бас қосуға жиналған ЕКИнЕУ колледжінің студенттері, кітапхана оқырмандары, сондай-ақ қалалық әскери бөлімшесінің мамандары жерлестердің ерліктері туралы әңгімеге қанық болды.
Сондай-ақ, Ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 28 жыл толуына арналған «Ауғанның отты жылдары» атты тақырыбына кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде интернационалдық борышын орындаушы кеңес әскерлерінің ерліктерін паш ететін 25 кітап ұсынылды.
Шараның өту барысында ерлік иелері болашақ жас ұрпақты өз елін сүюге, Отанан қорғау мен үлкенге құрмет көрсетуге шақырды.
Соңында «Тұмар» вокалдық тобы қонақтарға «Балбырауын күйін ойнап, «Ақбұлақ» әнін орындап берді.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза