Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тасқын су кезеңіне дайындалу бойынша Екібастұз қаласының ауылдық округтеріне рейдтер жүргізілді

Тұрғын-үй секторларындағы өрттерді азайту және алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың тасқын су кезіндегі іс-қимылға үйрету мақсатында 2017 жылдың 7 ақпанында Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының жұмыс тобымен тасқын су болуы мүмкін деген жерлерге (Төрт-Құдук ауылы, Шидерты, Солнечный кенттері, Сарықамыс ауылы) комиссиялық тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Бұл профилактикалық іс-шаралар көктем кезінде адамдарды болуы мүмкін тасқын сулардан, су басудан аман алып қалу үшін, болуы мүмкін шығынның азайтуына, сондай-ақ тұрғын-үй секторларындағы өрттерді азайту және алдын алу мақсатында жүргізілуде. 

Үйлерді аралап, жиылыс өткізіліп тұрғындарға болуы мүмкін көктемгі тасқын су кезіндегі іс-қимылдарға үйретіп, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, тұрмыста  пайдаланылатын газ жөнінде негізгі ережелер таныстырылды. Округ тұғындарына ТЖ кезіндегі алғашқы іс-қимылдар тақырыбында жаднамалар табысталды.

Елді-мекендерде көктем кезінде тасқын су мезгіліндегі болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою бойынша шараларының дайындығы және орындалуы туралы ақпарат жинау іс-жүзіне асырылуда.

Рейд нәтижесі бойынша су тасқыны жөнінде 306 ауыл тұрғыны дәріс алды.

Сондай-ақ жұмыс тобымен тұрғындарға «Тасқын су кезінде қолданылатын ережелер», «Балалардың отпен ойнау кезінде болатын өрттердың алдын алу», «Пешті пайданған кезде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері» Шидерті кентіндегі локальды хабарландыру жүйесі арқылы жекізілді.

Аталмыш іс-шара жұмыстары жалғастырылуда.