Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2016 жылдың қорытындысы

2017 жылдың 8 ақпанында Екібастұзда қала әкімі Қайрат Нүкеновтің қала тұрғындары алдындағы қорытынды есеп беруі өтті.   

Кездесуге Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғанов қатысты.

Қала әкімі өз есебінде Екібастұз қаласының 2016 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді. Баяндамада айтылғандай, есеп беру кезеңінде көптеген істер атқарылған.     

Осы жылы «ANSA Silicon» ЖШС –мен техникалық кремний өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру, «Greenhouse KZ» ЖШС-мен жылыжай кешенін кеңейту және қолданыстағы өндіріс алаңын арттыру, «Проммашкомлект» ЖШС-мен теміржол саласы үшін доңғалақтар шығару цехының құрылысын аяқтау, сондай-ақ шамамен 25 ауланы абаттандыру  жоспарланып отыр, бұл жерде асфальт төсеу, балалар ойын алаңқайлары мен шағын сәулет нысандарын орнату жұмыстары көзделген. 

Кездесуде абаттандыру, жылумен жабдықтау, автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты ұсыныстар және басқа маңызды мәселелер айтылды. Қала әкімі барлық мәселелер бақылауға алынып, олар бойынша іс-шаралар әзірленетінін айтты. 

Кездесудің соңында, Қайрат Нүкенов екібастұздықтарға барлық түйінді мәселелердің бақылауда болатыны әрі мүмкіндігінше шешілетінін нақтылап айтты.