kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді !

Үсіген кезде алғашқы көмек

            Қатты тоңып немесе үсігендегі алғашқы белгі кезінде (дененің шаншып ауыруы, дызылдауы, одан кейін терінің бозаруы, көгеру сезімнің жоғалуы) дененің зақымданған жерінің  қан айналымын күшейту керек.  Егер аяқ тонса қадамын алшаң басып алға-артқа қарай сермеу керек (30-50 рет), егерде қолы тоңса – білектен бастап екпінді қимылдану қажет, тез-арада саусақтарды қысып және босату керек. Мұрныңыз, бетіңіз, құлағыңыз тоңған кезде қанның бетке құйылуы үшін біршама қашықтықты терең еңкейген қалыпты алға жүріп 10-15 еңкейу жаттығуын жасаған жөн. Егер бұл көмектеспесе, закым тартқан денені құрғақ матамен сүрту керек (қармен сүртуге болмайды) немесе алақанмен.

            Тері іскен болса үсіген жерге таңғыш тартып мақтамен немесе жылы жұмсақ матамен орап қою керек. Егерде теріде үлбіреген қабыршақ пайда болса зақымданған жерге таңғыш тартып синтомицин мазьін жағады.

            Бүкіл дене қатты тонған кезде зардап шегушіні тез арада жылы жерге апару қажет немесе от жағып жылту керек.  Бүкіл дененің тоңып қалуынан сақтану мақсатында «Термо­бокс» құралын қолдан жасауға болады. Мысалы, қар паспанасының ішінде, шатырдың астында тіпті болмағанда жай ғана «Далада» поли­этилен үлбірді жапаны тігіп ішіне 1-3 майшамдарды жағып немесе жанатын таблеткаларды. Осындай «Термо­бокс» 2-3  ұйықтайтын төсек орынынанда жасауға болады. 

            Қауіпті жағдай – ол суықтан зақымдану. Бұл жағдайда көмек көрсетуде жылдамдық қажет әрбір жасалған қадам санаулы. Біріншіден  зардап шегушіден су киімдерін шешіп құрғақ киімдер беру керек. Егерде ол адам суықтан қалтырап тонатын  болса, онда жағдайы жаман емес. Оны киіндірген соң, жылыну үшін түрлі қимылдар жасауы керек. Қалтырамай тұрған адам қозғалуға, дене шынықтыру жұмыстарын жасауға болмайды.Уақалауға, дәрі жағуға, алкоголь беруге болмайды.

Зардап шеккен адамды құтқарудың ең тиімді жылыту тәсілі +40°С аспайтын температурадағы ваннаға түсіру немесе  ыстық суға матырылған орамал және төсек жаймасымен орау.  

Үсіген, қатты тоңған адамды жанып тұрған оттың жанына, қосылып тұрған электр құрылғыларына жақын отырғызуға  болмайды. Бүкіл денесі аязда тоңып қалған адамның мүшелерін жеке жылыту өте қауіпті, адам өліп кетуі мүмкін. Тоңған адамды ақырындап байыппен жылыту керек. Үстіне қанша қалың киім киінгенімен тоңған адамның ішіне ыстық бармай жылына алмайды, сондықтан жылынып өзіне келген соң, ыстық тәтті шәй немесе кофе беру керек егер жүрегі айнымаса, құспаса тамақтандыру қажет. Одан кейін жылы жерге көлденеңінен жатқызып тәуліктен аспай тынықтандыру қажет.

            Егерде ол сабырлық сақтап ол жағдайдан қалай шығу жолдарын іздеп сенімді және білімді іс-қимыл жасайтын болса, адам қандайда болсын жағдайда тіпті адам сенбейтін жағдайдада  аман қалады.

Егерде Сіз біздің айтқан кеңесімізге жүгінсеңіз, қыс айлары өзінің аяздарымен, қарларымен бізге көптеген қызықтар әкеледі 

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 87182(536057) сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге қоңырау шалып, кез келген адам басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

                                                                      М. Хамитова , ТЖ

басқармасы

ТЖ ескерту тобының

 бас маманы

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза