Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы ақпараттайды! Жылыту орны деген не?

Қыс мезгілінде ауа - райының қолайсыз жағдайларында, төтенше жағдайлар болу қаупі арта түседі, жолдарда автокөліктердің кептелуі.

Төтенше жағдайларды алдын ала ескерту мақсатында ауа-райының қолайсыз жағдайларынан туындайтын төтенше жағдайларды азайту және адам өмірін сақтап қалу мақсатында республикалық, облыстық көлемдегі автожолдарда жылыту, тамақтандыру орындары орналасқан.

Жылыту орындары автожол бойындағы стационарлық ғимараттарда, иммараттарда (Елді-мекенде орналасқан жағар май құятын стансаларда қонақ үй кешенінде, дем алатын орындарда, ауыр жүк таситын автокөлік тұрақтарында, әлеуметтік – мәдени объектілер арқылы өтетін автожолдарда) орналасуы мүмкін, сондай-ақ мобильді құралдар қолданылады (палаткалар, пневмокаркасты модулдер, маманданырылған автомобилдер, көліктік құралдар).

Жылыту орыны негізгі үш түрге бөлінеді:

- стационарлық (кафе, қонақ, автокөліктерге жанар май құятын стансасы),

- мобильді (палатка),

- қозғалмалы (автобус, будка).

Жылыту орынының негізгі міндеттері:

- қабылдау, тіркеу және бірінші кезекте қыс мезгілінде республикалық, облыстық, аудандық  автожолдарында қар құрсауында қалған жүргізушілердің және жолаушылардың өмірін аман сақтап қалуын қамтамасыз ету;

- зардап шеккендерге сумен азық-түлікпен  қамтамасыз ету;

медициналық и психологиялық көмек көрсету.

Мобильді жылыту орны зардап шеккендерді орналастыру 100-ден 200-ге дейін, оданда көп, санға байланысты құрылады. Мобильді жылыту орыны қауіпті учаскелерде палаткалы лагерлерде стационарлы жылу орындары жоқ жерлерде орналасады (автокөліктерге жанар май құятын стансасы, қонақүй кешені, мотелдер және т.б.).

Автокөліктер кептеліп қалған кезде жылыту және тамақтандыру орындарында зардап шеккендер ыстық тамақпен, ауыз ішер сумен қамтамасыз етіледі.

 

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы

азаматтық қорғаныс тобының

аға офицері, капитан

Шаймарданов Р.Е.