Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Адамдар көп шоғырланған объектілердегі келушілерді және оның қызметкерлерін эвакуациялау жөнінде

Адамдар көп шоғырланған объектіде өрт шыққан кезде, объекті қызметкерлерінің және өртті сөндіруге тартылған тұлғалардың бірінші міндеті адам қауіпсіздігін сақтау, оларды құтқару және эвакуациялау.

Объектінің әр адамы өртті көргенде немесе өрттің нышандарын сезгенде (түтіндену, өрттің иісі, түрлі материалдардың бықсып жануы, жану температурасының жоғарлауы ), сондай-ақ автоматты өртті қорғау жүйесін дабыл берген кезде (өрт болып жатқандығы жөнінде белгі беру, өрт кезінде адамдарға хабар беру және адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру жүйесі) келесі іс-қимылдар жасауға міндетті:

           а)тез арада өрт жөнінде 101 телефон арқылы өрт бөліміне хабарлауы керек  (мекен жайын анық түрде хабарлауы керек, не жанып жатыр өрт болып жатқан орын несімен қауіпті, (ең біріншіден адам өміріне қандай каупі бар сондай-ақ өзінің аты-жөнін және лауазымын айтуы керек);
          б) Өрт жөнінде адамдарға хабарлау жүйесіне іс-әректін үйлестіріп, өзі осы іске араласып және басқа да адамдарды жанған ғимаратттан шығарып қауіпсіз жерге көшіру жұмысын жоспарға сай орындап эвакуациялауға тарту қажет. Ғимараттарда және имараттарда Адамдарға  өрт жайында хабарлау үшін  ішкі радиотрансляция және басқа құрылғылар арнайы хабарлау жүйесін, сондай-ақ қауіп-қатер дабылы және дауысты дабылдар қолданады. (денсаулықсақтау, бала-бақша мекемелерінде ең алдымен қызмет көрсетуші қызметкерлерге хабарландырылады,)

         в) өрт туралы хабар мекеме басшысын немесе оның міндетін атқарушыға берілуі керек; 
         г) Өрт бөлімшелерін қарсы алуды ұйымдастыру, мекемелерде бар өрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіру шараларын орындау.  

Өрт сөндіру жұмысының басты міндеті адамдарды өрт болған жерден шығарып, қауіпсіз жерге аман-есен қоныс аудару.

Өрт бөлімшесі бастығына нақты анықтама беру үшін өрт бөлімшелерін қарсы алатын адам объектінің кіру шығу жолдарын және су ағытылатын жанып немесе түтіндеп жатқан жерлерді,ғимараттан (иммараттан) барлық адам қауіпсіз орынға қоныс аударылды ма?, барлығы қай бөлмеде қанша адам қоныс аударылмай қалды?, жақсы білуі керек, Осы сұрақтарды мегеретін маман болу керек. 

 

 

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы

азаматтық қорғаныс тобының

аға офицері,капитан

Шаймарданов Р.Е.