Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті ата-аналар!

Интернет–ресурстарда балалар мен жасөспірімдерді суицид идеясын насихаттайтын «Синий Кит» және «Тиxий Дом» деген жаңа ойынға кіруге үгіттейтін мәліметтің көбейіп кетуіне байланысты, білім бөлімі Сіздерден балалардың мінез-құлығындағы келесідей белгілерге назар аударуларыңызды  сұрайды.

Осы бірлестікке кіру кезінде балалар тұйықталады, ата-аналарымен қарым-қатынаста барынша көнгіштік мінез танытып, депрессия белгілерін көрсетеді.             

Баланың соңғы кездері салған суреттеріне назар аудару қажет. Аталған бірлестікке тіркелген балалар бір мүйізді қылаң киікті немесе көк китті сала бастайды.

Бұл балалар ерте жатады, таңғы сағат 4.00 –ге оятқышты қояды немесе осы уақытта өзін оятуды сұрайды. Көріп отырғанымыздай бұның тағы бір белгісі баланың ұйқысының қанбауы.

Балалар өз интернет-ресурстарындағы  ақпараттарды  жояды немесе бұғаттайды, осылайша ата-аналарының ақпараттарға қолжетімділігін шектейді.

Осыған байланысты, білім бөлімі кәмелетке толмаған балалардың  ата-аналарының назарына  барлық сайттар мен контактілеріне (олардың балалары кіретін), құрбыларымен қарым-қатынасына бақылау жасау қажеттілігін жеткізеді.

Балаларыңыздың осы бірлестіктерге тіркелу фактілерін анықтаған жағдайда мына нөмірлерге хабарласып қажетті  көмек ала аласыздар.

Білім бөлімінің сенім телефоны: 77-54-78

Ұялы телефондар: 87768166868, 87763408237, 87051622323