Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ізбасар Сәрсенбаев «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды

Ізбасар Сәрсенбаев 1957 жылғы 12 қыркүйекте туған.

1981 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын  бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша бітірген.

Ізбасар Сәрсенбаев еңбек жолын 1974 жылы Өзбек КСР   «Өзауылшартехникасы» Канимех аудандық өндірістік бөлімі бухгалтерінің көмекшісінен бастаған.

Өзбекстан Республикасы Науаи облысы Канимех ауданының Тельман атындағы кеңшары бас бухгалтерінің орынбасары, бас экономисі, аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Өзбекстан Республикасы Науаи облысы Канимех ауданының инспекциясында мемлекеттік инспектор, мемлекеттік бақылау жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары,  Мемлекеттік салық инспекциясының бастығы болып жұмыс істеді. 1999 жылы Канимех ауданы «Шуркуль» ұжымдық шаруашылығы басқармасының төрағасы болып сайланды. 2004 жылы Канимех ауданы әкімінің әлеуметтік–экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарының лауазымына тағайындалды. 2009 жылдан 2011 жылға дейін Канимех ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып істеді. 

Ізбасар Сәрсенбаев Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.