kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Нұрлан Жұмабекұлы Байбәкіров «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды

Нұрлан Жұмабекұлы Байбәкіров, 1979 жылы 5 қаңтарда Павлодар облысы Май ауданының Жұмыскер ауылында дүниеге келген. 2003 жылы С. Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік университетін тарих мұғалімі мамандығы бойынша бітірген, 2006 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін тамамдаған, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры біліктілігі берілген.  

Нұрлан Жұмабекұлы еңбек жолын Павлодар облысы Май ауданының Қазан жалпы білім беретін орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.  

Павлодар облысы Май ауданының Қазан жалпы білім беретін орта мектебінде тарих мұғалімі, «Павлодартелерадио» КМК-да жаңалықтар шолушысы, «Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұлттық тілдерді дамыту бөлімінің жетекші, бас маманы, бастығы, Павлодар облысы әкімі аппаратының бас маманы, «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалғанға дейін Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды.   

            Нұрлан Жұмабекұлы Байбәкіров Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза