Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Келесі кезек - Ә. Марғұлан және Шиқылдақ ауылдық округтерінде

Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні қала басшысы Қайрат Нүкенов кезекті есебін Ә. Марғұлан және Шиқылдақ ауылдық округтерінде жалғастырды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары атқарылған істерге алғыстарын білдіре отырып, ауыл территориясында абаттандыру жұмыстары бойынша  сұрақтар қойды. Қала басшысы қойылған сұрақтарға түсініктеме бере отырып, ұсынылған ұсыныстар бойынша шешу жолдарын табуда арнайы орган өкілдеріне тапсырды.

Сонымен қатар, Ә. Марғұлан ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Захар Иванович, ауылдық өмірдің көкейкесті мәселелерін нақты талқылап, қала басшысының жұмысына оң бағасын берді. Сонымен қатар, Шиқылдақ ауыл тұрғындары  жазғытұрым уақытында ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізуде жазғы су құбырын тарту мәселесін алға тартты.

Кездесу барысында көтерілген барлық сұрақтар назарға алынып, хаттамаға енгізілді.