Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құдайкөл және Теміржол ауылдық округтерінде кезекті есептер жалғасуда

2017 жылдың 01 ақпан күні қала басшысының  Құдайкөл және Теміржол ауылдық округтерінде кезекті есептері  өтті. Қала әкімі Қайрат Нүкенов тұрғындар алдында 2016 жыл қорытындысы бойынша негізгі экономикалық- әлеуметтік басымдықтарға тоқталып өтті.

Кездесу барысында ауылдық округтердің тұрғындары тек әкімдердің есептерімен танысып қана қоймай, сонымен қатар оларды талқылауға да ат салысты. Көбінесе әлеуметтік тұрғысынан сұрақтар қойылған болатын. Барлық сұрақтар өз жауаптарын тапты. Барлық ұсыныстар атқарушы билік өкілдерімен басты назарға алынып, осы жылы аталмыш ұсыныстар бойынша жұмыстар жалғасады.