Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ауылдық округтерде қала әкімінің есептері басталды

2017 жылдың 23 қаңтар күні Екібастұз қаласының ауылдық округтерінде қала әкімі Қайрат Нүкеновтің есеп беру кездесулері басталды.

Бесқауға және Қоянды ауылдық окрутерінің аталмыш кездесулерінде Павлодар  облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы – Османова Чауле Ғабдулжапарқызы қатысты. Сонымен қатар, ауылдық округтерінің әкімдері мен жергілік полиция қызметі басшысының есептері назарға алынды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары қыс мезгіліндегі кентішілік жолдар қатынасы, ауылдарды аббаттандыру және спорт бағыты бойынша әдіскер жүктемесін енгізу бойынша сұрақтарын көтеріп, мазалаған сұрақтарына толық жауап берілді.