Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Қысқы ғажайыптар - 2017» байқауы

2017 жылдың қаңтар айының 20 күні  ХI Аймақтық «Қысқы ғажайыптар - 2017» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 

Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Екібастұз қаласының 60 жылдығына арналды. Бұл шараға облыс пен  қалалардың  36 мектебінен 276  жұмыс  тапсырылды.

Байқауға  Павлодар, Майқайың, Баянауыл, сондай-ақ Екібастұз өңірінің ауылдарынан балалар өз жұмыстарын жіберді. Қазылар алқасының алдында үлкен міндет тұрды, ол: көптеген тамаша жұмыстардың арасынан  ең айшықты, бояуы қанық және шебер салынған суреттерді таңдау керек болды. Ұзақ талдаудаудың нәтижесінде 36 жүлделі орын, бір грант, 8 арнайы орын және 104 марапаттау  сыйлығы белгіленді.

Байқауға «Екібастұз балалар қоры» қоғамдық Қоры мен «Екібастұз дауысы» ақпараттық орталығы ЖШС демеушілік көрсетті.

Ағымды жылы «Нұр Отан» партиясының Екібастұз қалалық филиалы  Балалар көркемсурет мектебінің педагогы-О.В. Астапенкоға алғыс хат дайындады. Балалар көркемсурет  мектебінде бір жыл тегін оқу  грантын  4-курс студенті Байзақова Диана алатын болды.

Ағымды жылғы ақпан айының соңына дейін балалар көркемсурет  мектебінің көрме залында  және  «Макси Молл» сауда үйінде «Қысқы  ғажайыптар» байқауына қатысушылар мен жеңімпаздарының жұмыстары көрсетілетін болады.