Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың үздік қойылуы бойынша Мемлекеттік органдар арасында аймақтық байқаудың ЕРЕЖЕСІ

БЕКІТЕМІН

«Нұр Отан» партиясының Павлодар

облыстық филиалы төрағасының

бірінші орынбасары

____________________И. Теренченко

«____» қантар 2017 жыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың үздік қойылуы бойынша Мемлекеттік органдар арасында аймақтық байқаудың

ЕРЕЖЕСІ.

Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру үшін сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы Павлодар облысының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы партияның Бағдарламасын орындау мақсатында Жемқорлыққа қарсы жұмыстың үздік қойылуы бойынша Мемлекеттік органдар арасында аймақтық байқау (келесіде - Ереже) құрастырылған.

1. Жалпы ережелер

1.1. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді насихаттау үшін Жемқорлыққа қарсы жұмыстың үздік қойылуы бойынша Мемлекеттік органдар арасында аймақтық байқау(келесіде – Байқау) ұйымдастырылып, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің келісімі бойынша, «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы аясында жүзеге асырылады.

2. Байқаудың негізгі мақсаттары

2.1. Байқаудың негізгі мақсаттары болып табылады:

- сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалы мен жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту;

- мемлекеттік құрылымдардың іс-әрекетіне азаматтық бақылауды белсенді ету;

- мемлекеттік органдардың кадрлық жұмысын жетілдіріп, нығайту;

- қызметтік іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мен үздіксіз кәсіби шеберлігін жетілдіруге мемлекеттік қызметкердің қызығушылығын арттыру;

- айрықша сауатты, құзіретті қызметкерлерді анықтау және олардың ішінен мемлекеттік қызметтің жоғары лауазымдарына ұсыну үшін резерв құру;

- Кадрларды оқыту мен тәрбиелеудің оңтайлы әдіс-тәсілдерін тарату.

2.2. Байқаудың жалпы басшылығы, дайындық пен өткізу бақылауы партия филиалының аймақтық басшылығы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен жүзеге асырылады.

3. Байқауды өткізудің ұйымдастырылуы мен тәртібі

3.1. Байқау жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері мен орталық мемлекеттік органдардың территориалды бөлімшелердің арасында, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер арасында (келесіде – Қатысушылар) 2 кезеңде өткізіледі.

Байқауды ұйымдастыру мен өткізу үшін төраға мен алты қазылар алқасы мүшелерінен тұратын, қазылар алқасы (келесіде – Қазылар алқасы) құрылады.

3.2. Қазылар алқасының мүшелігіне әртүрлі деңгейлі маслихат депутаттары, мемлекеттік атқарушы органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, БАҚ, еңбек ардагерлері мен өзге де адамдар кіре алады.

3.3. Қазылар алқасының жұмыс нәтижесі отырыс хаттамаларында тіркеліп, қазылар алқасының төрағасы қолымен бекітіледі.

3.4. Қазылар алқасының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету партияның аймақтық және территориалды филиалдарының жауапты адамдары мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне жүктеледі.

3.5. Партия филиалдарына түскен құжаттар тіркеліп, қазылар алқасының талқылауына тапсырылады.

4. Байқау номинациялары

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- «Үздік департамент (басқарма, бөлім)»;

- «Үздік мамандық иесі»;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әдістері» тақырыбындағы үздік жұмыс

5. Байқаудың өту кезеңдері

5.1. Ұйымдастырушылық кезең

БАҚ-да, Партияның облыстық және территориалды филиалдарының сайтында байқауды өткізу мен оған қатысу шарттары туралы хабарландыру, сонымен қатар қатысу үшін мемлекеттік органдарға шақыру жолдау арқылы жарияланады.

1-ші кезең – 2017 жылғы 18 қаңтар мен 18 ақпан аралығында, партияның территориалды филиалдары байқауды жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелердің арасында өткізеді. Байқау нәтижелері (әр номинация бойынша) 2017 жылғы 25 ақпанға дейін шығарылады және жеңімпаздар материалдары облыстық партия филиалына жіберіледі(номинациялар бойынша 1-ші орын алған жұмыстардың түпнұсқасы, қазылар алқасының хаттамалары).

2-ші кезең – Байқау 2017 жылғы 1-ші ақпан мен 1-ші наурыз аралығында, орталық мемлекеттік органдардың территориалды бөлімшелері мен облыстық әкімдікке қарасты мемлекеттік органдар арасында өткізіледі.

5.2. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі

Қазылар алқасы 15 күннің ішінде жұмыстардың Байқау тақырыбына сәйкестігін анықтап, өз жұмыстарының нәтижесі бойынша Байқау жеңімпаздарын анықтайды.

1-ші мен 2-ші кезеңнің нәтижелері 2017 жылғы 25-ші наурызға дейін жүргізіліп, 3 номинация бойынша жеңімпаздар анықталады.

Байқаудың нәтижелерін шығару

6.1. Байқау нәтижелері қарастыруға ұсынылған құжаттар мен байқау сынағының нәтижелеріне сәйкес Қазылар алқасының қорытынды отырысында шығарылады.

6.2. «Үздік департамент (басқарма, бөлім)» номинациясында жеңімпаздар келесі критерийлер бойынша анықталады:

- жалпы мемлекеттік, аймақтық, ведомстволық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалардың орындалуы, 2015-2016 жылдардағы мемлекеттік органдардың ішіндегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту бойынша өткізілген жұмыстар(басшының қолымен бекітілген А4 форматты 5-тен 10 бетке дейінгі басылып жазылған ақпарат, фотоальбом, бейнероликтер және т.б.)

- «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне 2015-2016 жылдары аталған мемлекеттік органның қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдардың болуы(саны, оның ішіндегі расталғаны);

- мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша соңғы 2 жылда қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке шақырылғаны (шақырылмағаны) туралы мемлекеттік уәкілетті органдардың мәліметтері;

- 2015-2016 жылдары аймақта өткізілген әлеуметтік зерттеулер негізінде мемлекеттік органның сыбайласу рейтингі;

- тиісті мемлекеттік органның басқа мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттестігі бойынша соңғы 2 жылда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалы мен жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту жұмысы (ақпарат, фотоальбом, бейнематериалдар және т.б.);

- 2015-2016 жылдары ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша бұқаралық ақпараттар құралдарындағы хабарламалар (газет қиындылары, интернет-ресурстардың сайттарына сілтемелер, т.б.);

- соңғы 2 жылдағы мемлекеттік органдардағы «сенім телефоны» жұмысының мониторингі (хабарласу саны, оның ішіндегі расталғаны мен оң шешім тапқаны);

- кадрлық жұмыстың жетілдірілуі (кадрлар тұрақсыздығы, вакансияның болуы, оқыту);

- барлық мемлекеттік органдарға ортақ басқа да көрсеткіштер.

6.3. «Үздік мамандық иесі» номинациясында жеңімпаздар (азаматтардың өтініштерімен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер (мамандар) арасында) келесі критерийлер бойынша анықталады:

- азаматтарды қабылдауға жауапты тұлғалардың жұмыс тиімділігін қамтамасыз ету (2015-2016 жылдардың азаматтардың өтініштерімен жұмыс, оның ішінде оң шешім тапқаны, азаматтардың заңды тұлғалардың құқықтары туралы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметкерлердің міндеттері, жаңа технологияларды енгізу және т.б.);

- жетістіктердің болуы, жұмыстағы тәжірибелік нәтижелер, сонымен қатар қатысушының соңғы 2 жылдағы мадақтаулары;

- сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін ескерту шараларын әзірлеудегі жемісті жұмыс;

- мемлекеттік қызметкерлерді бақылау тиімділігін арттыру жұмыстарына қатысу;

- соңғы 2 жылда мемлекеттік қызметкерге түскен шағымдардың болуы(болмауы);

- соңғы 2 жылда мемлекеттік қызметкердің тәртіптік жаза алуы (алмауы);

- 2015-2016 жылдарда халықтың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мен акцияларды өткізуге қатысу;

- өз білімін жақсарту мен біліктілігін арттыруға ұмтылу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды білу;

- барлық мемлекеттік органдарға ортақ басқа да көрсеткіштер.

6.4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әдістері» тақырыбындағы үздік жұмыс» номинациясындағы жеңімпаз Байқауға үздік жұмыс ұсынған(А4 форматты 5 пен 20 бет арасындағы баспа беттер), мемлекеттік қызметкер дәрежесін арттыруға бағытталған, жаңашылдықты ескере отырып, талдау тереңдігі, мәселені ашудағы шынайылығы, дәлдігі, қисынды негізді, бастамашылдығы, іскерлігі, креативтілігі және т.б. бар қатысушы болып танылады, сонымен қатар келесі критерийлерге сай анықталады:

- жетістіктердің, жұмыстағы тәжірибелік нәтижелері, сонымен қатар қатысушының соңғы 2 жылдағы мадақтауларының болуы;

- мемлекеттік қызметкердің атына түскен шағымдар мен тәртіптік жазаның болмауы;

- 2015-2016 жылдарда халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мен акцияларды өткізуге қатысу;

- өз білімін жақсарту мен біліктілігін арттыруға ұмтылу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды білу;

- барлық мемлекеттік органдарға ортақ басқа да көрсеткіштер.

6.5. Егер Қазылар алқасының бекітілген мүшелерінің үштен екі құрамы қатысар болса, отырыс заңды болып саналады.

6.6. Қазылар алқасының қатысқан мүшелерінің жартысынан көбі дауыс бергенде, Қазылар алқасының шешімі қабылданған болып саналады.

6.7. Дауыс саны тең болғанда, Қазылар алқасы төрағасының

дауысы шешуші болады.

6.8. Қазылар алқасының жеңімпаздарды тану шешімін отырыс хаттамасымен рәсімдеп, Қазылар алқасының төрағасы мен барлық мүшелерінің қолы қойылады.

6.9. Қазылар алқасының шешімі негізінде партияның аймақтық және территориалды филиалдарының жауапты тұлғасы Байқау жеңімпаздарын марапаттау қаулысының жобасын дайындайды.

6.10. Байқау жеңімпаздары Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мен «Нұр Отан» партиясы филиалдарының басшылық құқықтарымен марапатталады.

6.11. Байқау жеңімпаздары туралы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдары мен «Нұр Отан» партиясының ресми сайтында жарияланады.

7. Қазылар алқасының құқықтары мен міндеттері

7.1. Қазылар алқасы құқылы:

- байқау Ережелерінің талаптарына сай болмағанда, үміткердің қатысуына рұқсат бермеу;

- Осы Ереже талаптарының бұзылғаны анықталған кезеңнен бастап байқау нәтижелерін жою.

7.2. Қазылар алқасының міндеттері:

- барлық қатысушыларға тең жағдай жасау;

- өткізілетін байқаудың ашықтығын қамтамасыз ету.

8. Қатысушылар құқықтары

8.1. Қатысушылар құқылы:

- байқаудың өткізілу шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты алуға;

- байқаудың ережесімен алдын ала танысу, байқауға қатысу талаптарын қарастыруға;

Жұмыстар ұсынылады:

- жергілікті атқарушы органдармен – партияның территориалды филиалдарына;

- орталық мемлекеттік органдардың территориалды бөлімшелерімен, облыс әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдарымен - «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалына, мекен-жайы: Павлодар қ., Кривенко к., 25 «а», тел.301289.

9. Медиа-ресурстар

Ақпараттық қолдауды Байқау ұйымдастырушылары қамтамасыз етеді.