Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2016 жылдың жылдың үздік спортшылары мен жаттықтырушылары марапатталды

2017 жылғы 21 қаңтарда  Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт Басқармасының залында  «Павлодар облысының қазақ күресі Федерациясы» Ассоциациясының президенті Нұржан Кемерұлы Ашимбетовтың қатысуымен жиын өтті.

2016 жылдың қорытындысы бойынша жеткен жетістіктері үшін жылдың үздік спортшылары мен жаттықтырушыларын марапатттау өтті. Екібастұз қаласынан 7 спортшы мен оқытушы-жаттықтырушы марапатталды.

«Ұлттық спорт түрі бойынша үздік спортшы» номинациясында:

- Ислам Махамбетов – қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спор  Шебері, қазақстан Республикасының Чемпионы, Қазақстан Республикасы кубогының күміс медаль игері;

- Алмагуль Кашина -  дзюдо және самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт Шебері, Азия және Әлем Чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері;

- Нурганат Сатыбалды, «Жас Барыс» Республикалық турнирдің Чемпионы, қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер, №3 БЖСМ турбиеленушісі;

- Кобланды Зайыргельдинов, «Жас Барыс» Республикалық турнирдің Чемпионы,  №3 БЖСМ тәрбиеленушісі;

Спортшылар «Павлодар облысының қазақ күресі Федерациясы» Ассоциациясының дипломымен және демеушілердің ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

 «Ұлттық спорт түрі бойынша үздік жаттықтырушы» номинациясында:

- Махметов Рашид Темирболатович, «Жасыбай» БЖСМ КМҚК қазақ күресінен оқытушы-жаттықтырушы, №2БЖСМ-ның оқу ісі бойынша директордың орынбасары;

- Булатов Виктор Амангельдинович, №3БЖСМ КМҚК қазақ күресінен оқытушы-жаттықтырушысы;

- Коржумбаев Айтнияз Саккозинович, қазақ күресінен оқытушы-жаттықтырушысы;

Салтанатты марапатты Павлодар қаласының әкімі, «Қазақ күресі Федерациясы» президенті Нұржан Кемерұлы Ашимбетов өткізді.

Үздік оқытушы-жаттықтырушылар «Павлодар облысының қазақ күресі Федерациясы» Ассоциациясының дипломымен марапатталды.