Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға сізді шақырады

«Іскерлік байланыстар» жобасы өз қызметін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне халықаралық және шетелдік ұйымдардың  қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен қолдау көрсетуге бағытталған.

Жоба екікезеңнентұрады.

БіріншікезеңҚазақстанаумағындажүзегеасырылады. Қатысушылар, бағытталған бизнес-тренингтерде шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың жетекшілігімен, өз кәсіпорынның бизнес-жоспарларын әзірлейді.

Екінші кезең жобаға қатысушылар үшін шет елдерде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы көздейді және іскерлік қатынастар орнатуды қамтиды.

«Іскерлік байланыстар» жобасына қатысушылар үшін қойылатын талаптар: Қатысушының лауазымы басшының орынбасары лауазымынан төмен болмауы керек (өндірістін  жоғары және орта буыны басшылары).

Өтінімдерді ӨКП-на беруге болады. Өтінімнің формасы берілген.

Қосымша ақпаратты алуға болады:

Телефон ӨКП 8(7182) 660311 (ішкі 5511)

Телефон ҰКП 8(7172) 919347