Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 8 ХАБАРЛАМАСЫ

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының

2013 жылғы 19 шілдедегі

№ 8 ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі  № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидасы 3-бабының 20-тармағы негізінде

Қоянды ауылдық округінің әкіміне кандидаттар болып тіркелді:

Ахметзянова Мадина Азгаровна, 1962 жылы туған, «Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Қоянды ауылдық округінің Қоянды ауылында тұрады

Қабдылов Ерлан Мақсұтұлы, 1973 жылы туған, Қоянды ауылдық округінің әкімі, Екібастұз қаласында тұрады

Қатиев Әли Ахатұлы, 1978 жылы туған, «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 14 ЖБОМ» КММ директорының орынбасары, Қоянды ауылдық округінің Қоянды ауылында тұрады

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы