Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ахметов Кайырболат Амангельдинович: Алғыс хат

Құрметті Нукенов Кайрат Темиршотович, мен Ахметов Кайырболат Амангельдинович Сатпаев көшесі 12/3, 149-шы пәтер үйінің тұрғыны осы үйдің тұрғындарының атынан сізге алғысымды білдіргім келіп отыр.
2016 жылдың 28-ші желтоқсанында біз осы үйдің тұрғындары үйдің жылу мәселесі бойынша сізге өтініш жазған болатынбыз.
Есіңізге сала кетейін. Біздің үйде жылумен жабдықтау нормаға сай емес болатын. Батарейдің қысымы өте төмен болды. Жылу үшінші қабатқа дейін жақсы келіп, ары қарай азая бастайтын. Пәтердің ішінің температурасы 15-180С болатын.
КСК-ға бірнеше рет барып ескерту жасадық. Жылу орталығына да хабар бердік. бірақ ешқандай нәтиже болған жоқ.
Сосын пәтер тұрғындарымен ақылдасып, сізге өтініш жазуды жөн көрдік.
Сіз біздің өтінішімізді жерге тастаған жоқсыз. 12-ші қаңтардан бастап жылу нормаға сай берілді. Қазыр пәтеріміз жылы. Батарейлер ыстық.
Бүгін менің жұбайым Аширова Кырмызы Ерсагатовнаның атына әкімнің орынбасары М. Маликовадан хат келді. Хатында барлық тексерістер жүргізілді, даланың температурасы -12градус С кезде пәтер ішінің температурасы +22 градус С, яғни нормаға сай деп жазылған. Бірақ бәрібір батарейдің жылуын қосты. Қазір даланың температурасы -22градус С кезде пәтер ішінің температурасы +22 градустан да жылы.
Менің айтайын дегенім, бәрібір сіздің арқаңызда КСК жұмыскерлері батарейдің жылуы жақсы қосылды.
Сізге нұр үстіне нұр жаусын! Алла тағала қолдап сіздің денсаулығыңыз ұзақ болуын тілейміз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге табыс тілеймін!
Сіз секілді еліне адал, қайырымды, жауапты әкім көп болса екен деймін.

Ізгі тілекпен Ахметов Кайырболат Амангельдинович және Сатпаева 12/3, 5-ші подъезд тұрғындары
18.01.2017 жыл.

Құрметті Кайырболат Амангельдинович! Сіздің алғысыңыз назарға алынды.