kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 10 ақпандағы №192 «Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы» Жарлығына сәйкес Бала құқықтары жөніндегі уәкіл өзінің қызметін мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Бала құқықтарын қорғау жөніндегі» Заңының 7-2-бабына сәйкес Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл:

баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты өтініштерді және баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың, олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;

баланың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін кедергісіз іске асыруға және қалпына келтіруге жәрдем көрсетеді;

білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, қорғаныс, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ұсталатын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне баруға кедергісіз қол жеткізеді;

баланың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың құжаттарына кедергісіз қол жеткізеді.

Халықты балалардың құқықтары мен оларды іске асырудың жолдары туралы ақпараттандыру деңгейін арттырып, шүғыл әрекет ету, көмек көрсету және балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау мақсатында Бала құқықтары жөніндегі уәкілге баланың қатысуымен болған барлық төтенше оқиғалар туралы 8 (7172) 746757, 87057525478 телефондары арқылы немесе «111» балалар үшін байланыс телефоны арқылы шұғыл хабарлауды болады, сонымен қатар ақпаратты alipbaev@parlam.kz электронды мекенжайы бойынша жіберіңіз.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза